Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1927 материал табылды

Медицина • 07 Ақпан, 2024

Нәрестеге күрделі операция жасады

Өткен жылы Жамбыл облысында ауыр дерт арқалап дүниеге келген бірнеше нәрестеге сәтті операция жасалды. Білікті мамандар тәуекелге бас тігіп, бейкүнә сәбилерге қолұшын берген еді. Мейірбан дәрігерлер бойында қауіпті дерті бар тағы бір нәрестенің өмірін сақтап қалуға күш салды.

Өнер • 06 Ақпан, 2024

«Балауса» бағындырған асу

Қазір ғой, цирк деген сөзді естіген жұрт өнердің бәсін түсіріп жатқандай көрінеді. Ізденістің ізіне түскен цирк әртістерінің түрлі трюктері мен эксцентрикаға негізделген нөмірлері қалтарыста қалып барады. Расында да цирк қазір балалардың көңілін көтеретін өнер деңгейінде қалып қойған секілді. Үлкендер бұл өнерге аса мән бермейді. Бұған енді коммерциялық бағытты ұстанған кезбе цирк ұжымдарының да әсер еткені анық.

Аймақтар • 04 Ақпан, 2024

Жуалыдағы жол апаты: 26 автокөлік соқтығысқан

Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран Жуалы ауданында жиі болады. Содан болса керек, жұрт арасында «Жамбылдың қысын көргің келсе, Жуалыға бар» деген сөз жиі айтылады. Үш ай қыстың жартысында «күре жол жабылды» деген хабарлама толассыз келіп жатса да, жұрт жолға шығуын тоқтатар емес. Ескертуге құлақ аспаудың салдары көбіне-көп жол-көлік оқиғасына алып келеді.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024

Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 19 адам зардап шекті

Күн райының күрт нашарлауы салдарынан Жуалы ауданында ірі жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024

52 көше жөнделді

Облыс орталығы Тараз қа­ласы мен аудандардағы елді мекендердің бірқатар көшесінің бүлінген жолдарын жөндеу жұмыстары кейінгі уақытта қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті халықтың талап-тілегіне құлақ ас­қан өңір басшысы Ербол Қара­шөкеевтің өзі бұл мәселені жеке бақылауына алған еді.

Құқық • 29 Қаңтар, 2024

Алаяқтар айылын жияр емес

Алаяқтықтың алуан­ тү­рін меңгергендер айы­лын жияр емес. Аңқау ағайын­ның қолындағы барын қағып, қалтасына салып­ кетіп жат­қан­дарды құзырлы орган­дар құрыққа түсірсе де, қар­­жы­лық пирамиданың қитұр­қы қағидаттарын мықтап меңгер­гендер қарапайым халықты сазға отырғызуын жалғас­тырып келеді.

Университет • 24 Қаңтар, 2024

Менделеев университетінің өкілдігі

Президент Қасым-Жо­март Тоқаев елімізде шетел­дік беделді жоғары оқу орын­дарының өкілдігін ашу ту­ралы тапсырма бер­ген бола­тын. Соған сәй­кес М.Х.Дула­ти атын­дағы Тараз өңірлік уни­­ве­рси­те­тінде Д.Мен­­д­елеев атын­дағы Ре­­сей хи­мия-техноло­гия уни­­вер­си­тетінің өкілді­гі ашылып, ғылыми әріптес­тіктің іргетасы қаланды.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024

Күншығыс елінің көмегі

Жапония мемлекетінің «Шөп тамыры» жобасының шарапатын көрген отандық медициналық нысандар аз емес. Қайтарымсыз грантты еліміздің әр қиырындағы ауруханалар жылдар бойы алып жүр. Жоба аясындағы әріптестік Жамбыл жерінде де жалғасын тапты.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2024

Жаңарған техника паркі: Тозығы жеткен трактор да жоқ емес

Бірнеше жыл бойы асыраушы саланың басты мәселесі тозған техникадан құтылу болғаны жасырын емес. Шыны керек, қайбір жылдары егістік алқаптарға көз жүгірткенде, тозығы жеткен техникалардан көз сүрінетін. Қазіргі кезде өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары да осы бір өзекті мәселені шешу үшін қолдан келгенше жұмыс атқарып жатыр.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2023

Жолда қалғандарға жанашырлық

Бет қаратпайтын аңызақ жел, үскірік аяз. Жолда қалған жолаушылар қорған­сыздың күйін кешіп тұр. Жол бойы тоқтаған ондаған көлік ішіндегі жұрттың көңіл күйі жоқ. Боранды күні жолға шыққаны үшін өздерін жазғыратын секілді...