Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1986 материал табылды

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025

Жаңа зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйесін шығаратын жаңа өндіріс ошағы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Әр мезгілдің өз кереметі бар. Шіліңгір шілде туғанда Тұрар Рысқұлов ауданына барғандар Шал тауының тылсымымен танысуға тырысады. Тауға қарай бет алған сайын тынысың ашыла түседі. Масатыдай құлпырған айналаның сұлулығы жаныңды рахат сезімге бөлейді. Сарқырап аққан тау өзенінің гүрілі өзіне тартады да тұрады.

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Әйел теңдігі тақырыбы қай кезде де өз маңызын жойған емес. Алаш ардақтыларының шығармаларында да тең­сіз­­­­­дік тауқыметін тартқан қазақ әйелдерінің типтік обра­­­зы мейлінше көбірек жасалды. Ал Міржақып Дулат­­­ұлы­­­­ның «Бақытсыз Жамал» романындағы бас кейіп­кер­­­дің бей­­­­не­­сі мен оның тағдыр тәлейін тартқан қасі­рет­­ке толы күн­дері кім-кімді болсын толғандырмай қой­ма­са керек.

Қаржы • 09 Қаңтар, 2025

Қаржы игерудегі қамсыздық

Қыруар қаржыны игеру­дегі икемсіздік жыл са­йын байқалып қалады. Әкімдер жыл басында өңірлерге қомақты қа­ражат тартқанымен, қол астындағы қызмет­керлерінің кәсібилігі же­тіс­пейтіндей көріне береді. Миллиондар емес, миллиардтарды игере алмаған шенеуніктер ала жаздай ән салып жүре ме, әлде өз жұмысына тамсанып жүре ме, ол жағы белгісіз. Әйтеуір, жыл жа­былар тұста бөлінген қаржыны игере алмай жан­дары алқымға тіреліп жатады. Жылдар бойы қалыптасқан «дәстүрдің» былтыр да бұзылмағаны қынжылтады.

Қылмыс • 09 Қаңтар, 2025

Көлеңкелі кәсіпке –­ тосқауыл

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмыстары жыл өт­кен сайын қарқынды жүргізіліп келеді. Соған қара­мас­тан, заңсыз тауар айналымы толастамай тұр. Әсі­ресе акциз­де­летін өнімнің заңсыз айналымы өңірде өрши бас­та­ғанын аңға­ру қиын емес. Құзырлы орган қызметкерлері жұ­мы­сы­ның нәтижесінде, темекі және алкоголь өнімдерінің көлең­келі айналымымен айналысқандар заңға сай жазаланды.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Сөз төркінін саралаған

Шығыс шайырлары тамсана жырлаған Әулиеата жерінде осы жылдың өзінде бірнеше әдеби кеш ұйымдастырылды. Талай таланттың табанының табы қалған топырақта жергілікті зиялы қауым өкілінің шығармашылығына құрмет көрсету заңдылыққа айнала түскен секілді. Ал өңір басшысы Ербол Қарашөкеев 2025 жылды өңір бойынша «Кітап оқу жылы» деп жариялап отыр. Енді Жамбылдың шенеуніктері көркем әдебиет оқып қана қоймай, қай қаламгердің шығармашылығымен танысқанын әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі жазып отырады.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Күрд қызы жеңімпаз атанды

Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамы­ту басқармасына қарас­ты тілдерді оқыту ор­талығының ұйытқы болуымен «Үздік тыңдаушы – 2024» байқауы ұйым­дастырылды. Өңірлік дең­гейдегі байқауға өзге ұлт өкілдері қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024

Үздіктер үкіленді

Жылдағы дәстүрге сәйкес сан салада жемісті еңбек етіп жүрген дарынды жастар облыс әкімінің сыйақысына ие болды. «Әулиеата үздігі» байқауында бақ сынаған талантты жастарды марапаттау рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.

Жәдігер • 19 Желтоқсан, 2024

Құландағы қола қазан

Өңірдің қай қиырында болсын, тарихы тереңнен тамыр тартатын жәдігерлер аз емес. Жұрт Түркістандағы тайқазанды мыңжылдықтардың мұрасы ретінде бағаласа, Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылының тұрғындары аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақталған қола қазанды мақтан тұтады.

Байқау • 11 Желтоқсан, 2024

«Саусақ ұшындағы әлем»

Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бас­қармасына қарасты көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен бел­гілі өнер иелері ара­сында «Саусақ ұшын­дағы әлем» атты облыс­тық қолөнер және макет байқауы ұйымдас­ты­рылды.