• 30 Наурыз, 2018
Тегі өзгерген өнімнен қауіп қандай?
Әдетте, азық-түлік дүкеніне бас сұқсаңыз құтыдағы, пакеттегі немесе арнайы қағазбен оралған тамақ атаулыдағы «ГМА-сыз!!!» («Без ГМО!!!» «Non GMO») деп көрнекі жазылған ескертулерге еріксіз назар аударасыз. Сүт пен сұйық майға дейін, ет пен ерекше қатталған әртүрлі дақылға, көк-сөкке, тіпті күнде жеп жүрген дәмді наныңызға дейін сондай жазумен таңбаланған!.. Неге?
• 01 Наурыз, 2018
Сол күні Алматыда біздің ана тілімізге сондайлық шынайы құрмет көрсетілді, сіз білесіз бе?!. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанда тұңғыш ашылған өкілдігінің ширек ғасырлық мерейтой-жиыны өтіп жатқан... Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің БҰҰ-ның қызмет тілінде, яғни ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындықтарына ешкімнің де күмәні болмаса керек-ті. Бірақ жаңа Қазақстанның білікті бұл азаматтары мінбеге шыққанда мемлекеттік тілде, қазақ тілінде төгілтіп баяндама жасады.
• 11 Қаңтар, 2018
«Мемлекеттік тілді білмек – елшіден...»
Қазақстанға танымал тұлға, сенатор Икрам Адырбеков «Елшілердің шетелде болу мерзімін 5 жылдан арттырмау мәселесі өзекті болып отыр, себебі қазіргі кезде 20 жылдан астам уақыт бойы елге оралмаған елшілер, дипломаттар бар. Олар елден қарым-қатынасын үзді деп айтуға болмайды, дегенмен де соны нашарлатқан, елдегі жағдайды терең түсінбейді» деді («Сөзбе-сөз» – «ҚазАқпарат»).
• 08 Желтоқсан, 2017
Астана мен Алматы арасында «222»-нің азабы бар
Көлігінің доңғалағы тақтайдай асфальт жолға түскенде көңілінің домбырасы күй ойнап қоя беретін жүргізушінің жайын кім ұғар, шіркін?! Бұл жұмыр басты пендеңіз жылдамдыққа неге сонша құмар болды екен?! Ат жалын ұстап желмен жарысқан ата-бабадан жұққан, қанға сіңген қасиет-ау, пай-пай...
• 22 Қараша, 2017
Қаралы жиын басында имам сөзі хақ болар
Жаназаға сап түзеген халықтың алдына шыққан имам жұртқа арқасын беріп, екі қолын айқастыра ұстап іштей дұғасын оқып, бір сәт үнсіз қалды. Күллі әлем мүлгіді. Кенет ең алдыңғы қатарда тұрған әлдекімнің қалта телефоны безілдеп қоя берді.
• 18 Қазан, 2017
«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңалықтың айналасына шыбындай үймеледі.
• 11 Қыркүйек, 2017
Өтінемін, тіліме тіл тигізбеңіз!
Троллейбуста келеміз. Құртақандай қыздың тілі балдай тәтті шығыпты, әжесі екеуі орысша «сөйлесіп» отырды. Баланың қылығын қызықтап жақын тұрған жас жұп ерлі-зайыпты екен, кенет жігіті сәл илігіп: «Апай, келіншегімнің аяғы ауыр еді. Немереңізді алдыңызға алып, орын бересіз бе?» деді қысыла үн қатып. Апамыз мойнын да бұрмастан «Ну и что... у нее тоже ноги болят» деп немересінің басынан сипап, міз бақпай еміреніп отыра берді.
• 08 Тамыз, 2017
Ауыл балалары алқа-қотан отыра қалып даңқты Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерлік-хикаясын қыздырғанда жерлесімізге Батыр атағын қазақша фамилиясы үшін бермепті деп қызыл кеңірдек болып қалушы ек!..
• 26 Маусым, 2017
КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.
• 10 Мамыр, 2017
Құрыш қалқан – аға ұрпақ аманаты
Даңқы қолбасшы Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі бір кезеңде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Әскери комиссариатын басқаруға құлықты болғанын ғалымдарымыз, әсіресе, тарихшыларымыз айтып та, жазып та жүр. Кеңестік атты әскердің – кавалерияның үздігі Баукең нағыз Қызыл Армияның таңғажайып қолбасшыларының бірі – жауынгерлік «Қызыл Ту» орденінің ең бірінші иегері (1918 ж.), Кеңес Одағының маршалы (1935 ж.) Василий Блюхердің сынынан өткені белгілі.