Қоғам • 31 Қаңтар, 2023
Бас прокуратура нотариустардың соңғы үш жылдағы атқарушылық жазбаларды жазып беру кезінде заңдылықты сақтауына талдау жүргізді. Құзырлы органның ұсынысы бойынша Әділет министрлігі 3 нотариустың лицензиясын жойып, 7 нотариустың қызметін тоқтатқан. Ал тәртіптік жауапқа тартылған нотариус саны 40-тан асады.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2023
Жуырда USAID «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы шеңберінде Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Winrock International ұйымымен бірлесіп әзірлеген Адам саудасының құрбандарын анықтау, оларға көмек көрсету және қайта бағыттау жөніндегі практикалық нұсқаулықтың ресми тұсаукесері өтті.
Білім • 31 Қаңтар, 2023
Әскерге барудан жалтаратын жастар көп. Себебі түсінікті де. Кейінгі уақытта әскери бөлімдерде орын алып жатқан жағымсыз жағдайлардан кейін ата-аналардың өзі баласының сарбаз атануына қарсы. Қайтпек керек?
Қоғам • 31 Қаңтар, 2023
Әскери борыш: Бейбіт күндегі берекесіздік
Әскерге «Отан қорғаймын!» деп кеткендер табытпен оралып жатыр. Соңғы уақытта елімізде сарбаздардың өлімі жиілеп кетті. Бейбіт күнде жалғыз ұлынан айырылған ананың көл болған көз жасын кім сүртеді? Қорғаныс министрлігі көбіне-көп суицидтің себебін «махаббат жырымен» байланыстырып, отбасындағы тәрбиенің осалдығын алға тартып отыр. Құзырлы орган нақты шаралар қабылдамаса, әскер жақтан тағы қанша қаралы хабар келеді?!
Сайлау • 31 Қаңтар, 2023
Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Сонымен қатар бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылды.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Еліміздің әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылы қабылданып, 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілгені белгілі. Құжаттың негізгі міндеті – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жеке немесе заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік орган әрекет ететін әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау.
Саясат • 30 Қаңтар, 2023
Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысты Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2023
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Минасыздандыру орталығында Бас штабтың Инженерлік әскерлер департаменті инженерлік-саперлік роталардың командирлерімен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2023
Соғыс өнері теориясының негізін қалаушылардың бірі Ллойд: «Жер бедері – соғыстың ұлы және жалғыз кітабы. Оны оқи алмайтын адам батыл сарбаз атағына қанағаттануы керек және генерал болуға талпынбағаны абзал», дейді. Жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін қаруды қалай меңгерсе, жергілікті жерді де жақсы бағдарлай білуі қажет. Ол үшін белгіленген ауданға қысқа мерзімде топогеодезиялық барлау жүргізу, барлық биіктіктер мен нысандардың координаттарын анықтап, оны бекіту ауадай қажет. Сол себепті әскери топографтардың қызметі маңызға ие.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2023
Шетелге нәпақа айырамын деп барып, бақытты сәттерінен айырылған отандастарымыз қаншама? Бұрындары адам саудасы дегенді кинодан ғана көретін едік. Соңғы уақытта құлдыққа түскендер туралы жиі естіп жүрміз. Алысқа бармай-ақ, жуырда Дубайға жұмыс істейміз деп кеткен Исламбек пен Жарас есімді екі азаматтың тағдыры мысал бола алады.