Қоғам • 11 Қаңтар, 2023
Ауылдарда жұмыссыз отырған жандардың басты байлығы да, сенері де – төрт түлігі. Алайда мал санын көбейту бір бөлек, оны бағуды да дұрыс ұйымдастыра білу де маңызды. Мұны айтып отырғанымыз, тәртіп сақшылары мал ұрлығының басты себебі қараусыз қалған төрт түлік екенін айтады. Соңғы жылдары мал ұрлығы ұйымдасқан қылмыстың бір түріне айналып, «кәсіпке» айналғаны жасырын емес.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2023
Көптің көзінше түкірмеуді әдетке айналдырған боларсыз, енді қоғамдық орында балағат сөз айтудан тыйылуға тура келеді. Әйтпесе, 69 мың теңге айыппұл арқалауыңыз әбден мүмкін. Болмаса бұл құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған. Қоғамның қызу талқысына түскен заңдағы бұл өзгеріс – бюджет бүйірін толтыру ма, әлде мәдениетті қоғам қалыптастыру қадамы ма?
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Басты міндет – қоғамның сенімі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір мемлекеттік орган ашық жұмыс істеп, тұрғындармен байланысты нығайту керектігін тапсырған болатын. Мұны қаперіне алған Ішкі істер министрлігіне қарасты құрылымдар халықпен ашық диалог орнатуға көшкен. Байқайсыз ба, бұрынғыдай полиция ғимараты табалдырығын тоздырып, ішке ене алмай жүрген тұрғындар жоқтың қасы. Тіпті әлеуметтік желіде құқық қорғау органдарына қатысты мәселе туындаса, шағымға жедел жауап беріліп жүр.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2023
Жаңа жылды даланы жаңғыртып, отшашумен қарсы алу дәстүрге айналғаны қашан. Балалар былай тұрсын, үлкендердің өзі қызық қуып, аспанға мойын бұратыны рас. Өкінішке қарай, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан қызықтың соңы қайғыға ұласатын кездер көп. Жаңа жыл қарсаңында елімізде отшашуды қолдану кезінде күйік алудың 15 фактісі тіркелген.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2022
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде отырыс өтті.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2022
Жастарды қолдау – болашақты ойлау
Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл – жастарды қолдауға бағытталған маңызды құжат. Өйткені жастар – ел дамуы мен болашағының стратегиялық ресурсы.
Саясат • 21 Желтоқсан, 2022
«Amanat»-тың барлық өңірлік филиалында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Елордада Орталық аппаратта жұмысшы мамандықтар, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ, шағын және орта бизнес, басқа да салалардың 50-ден астам белсенді өкілі «Amanat» төрағасының қолынан партия билетін алды.
Руханият • 21 Желтоқсан, 2022
«Ұлы дала» үздіктері марапатталды
Кеше «Amanat» партиясы «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын қорытындылады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби байқаудың «Поэзия» аталымында «Egemen Qazaqstan» қызметкері Жәнібек Әлиман үздік шықты. Сонымен қатар тағы бір әріптесіміз Абай Аймағамбет арнайы сыйлыққа ие болды.
Оқиға • 20 Желтоқсан, 2022
«Amanat»-тың Партиялық бақылау комитетінің жиынында биыл атқарылған жұмысы қорытындыланды. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Парламент Мәжілісіндегі «Amanat» фракциясының мүшесі Артур Платонов халықтың белсенді атсалысуының нәтижесінде өңірлік 216 сайлауалды бағдарлама талқыланып, қабылданғанын атап өтті. Онда азаматтардың 17 мыңнан аса ұсынысы ескерілген.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022
Халықаралық Адам құқығы күніне орай М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның өтуіне Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері мұрындық болды.