Сайлау • 26 Қаңтар, 2023
Кеше Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттарын тіркеуге қатысты кезекті отырысты ұйымдастырды.
Сайлау • 24 Қаңтар, 2023
Сайлаушылар тізімін түзудің тәртібі
Кеше Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылы 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелеріне қатысты кезекті отырысты ұйымдастырды.
ANTIKOR • 23 Қаңтар, 2023
Қазір халық «парамен ұсталды» деген ақпаратқа селк етпейтін болды. Жемқорларды құрықтайтын қызметкерлердің өздері кейде парамен ұсталып жатады. Қоғамда бұл кеселмен күрес шараларына сенімсіздік қалыптасқаны рас. Тамырын тереңге тартқан жемқорлықты жою үшін батыл қадамдар қажет деп есептейді жұртшылық.
Сайлау • 22 Қаңтар, 2023
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау барысы талқыланды. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров Президент жарлықтары, 2022 жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында белгілеген сайлау науқандарының кестесіне сәйкес Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны басталғанын хабарлады.
Бизнес • 19 Қаңтар, 2023
Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында: «Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері іс жүзінде 2024 жылдан бастап жұмыс істей бастауға тиіс. Бизнесті тексеру және қылмыстық қудалауға келер болсақ, осыған дейін де бизнесті негізсіз бақылауға, қылмыстық қудалауға жол жоқ екенін айтқан болатынмын. Бұл – менің нық ұстанымым» деген еді. Ал Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, былтыр бизнесті негізсіз қудалаудан қорғау аясында 6 мың кәсіпкер 700 млн теңге мөлшеріндегі заңсыз айыппұлдан босатылған.
Экономика • 19 Қаңтар, 2023
Жастардың жанды жері – баспана
Былтыр желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, жастардың жас шегі 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылғаны белгілі. Бұл – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер етіп, баспана сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек.
Сұхбат • 19 Қаңтар, 2023
Осыдан отыз жыл бұрын 19 қаңтарда Президент Жарлығымен Қарулы күштерде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылды. Тәрбие жұмысы органдарының тарихы, міне, осы сәттен бастау алады. Осыған орай біз Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалитденовпен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы былтыр 16 наурыздағы Жолдауында: «Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін еместігіне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек» деп Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алдына салалық заңнаманы жетілдіру міндетін қойған болатын. Бүгінде «Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, ашық НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) сайтына 27 қаңтарға дейін жария талқылауға шығарылды.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2023
Әлеуметтік желілерді ашып қалсаң, алаяқтарға алданған тұрғындардың мұң-зары толып тұр. Зейнеткерлер былай тұрсын, «құқықтық сауатым жақсы» деген тұрғындардың өзі қалай қақпанға оңай түскенін түсіне алмай дал. Цифрландырудың жаңашылдығы өмірімізді жарқын еткенімен, интернет алаяқтықтың қанат жаюына да түрткі болып отырғанын мойындауымыз керек.
Саясат • 13 Қаңтар, 2023
Шетелдік көлікті заңдастырудың шарты
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетел көліктерін заңдастыру мәселесіне байланысты Үкімет жұмысын сынға алып, көпшіліктің әлі күнге дейін ақпаратпен толық қамтамасыз етілмегенін айтқан болатын. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, бүгінде ел аумағында заңдастыру тізіміне іліккен 300 мыңнан астам автокөлік жүр. Жүйеде нақтылық болмаған соң, темір тұлпар иелерінің алаңдайтын жөні бар.