Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019
Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференция өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылған мәдени шараға еліміздің археолог-тарихшыларынан бөлек Франция, Түркия, Әзербайжан, Жапония, Ресей мемлекеттерінің ғалымдары, бірнеше елшіліктің ресми өкілдері қатысты.
Экономика • 21 Тамыз, 2019
Мал дәрігерлерінің жалақысы ала-құла
Қазақстан – жаһандық бәсекеде ауыл шаруашылығы арқылы да көш басында жүруді көздеп отырған ел. Бірақ біз үміт күткен саладағы кей мамандардың табысын естігенде көңіл құлазиды. Сондай мамандардың қатарына мал дәрігерлері де кіреді. Олардың табысы тым төмен.
Спорт • 19 Тамыз, 2019
Елуінші додаға еуропалықтар да қатысты
«Мен бұл жарысқа 1987 жылы қатысқан едім. Сол кезде осындай биік белестерді бағындырамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген-ді. Бірақ көп еңбектендім. Бүгінге дейін жеткен жетістігімнің бәрі тынымсыз төгілген тердің арқасы. Сондықтан сіздерге айтарым, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ, еңбектеніңдер, армандаңдар, алдарыңа мақсат қойыңдар», деді Олимпиада чемпионы, атақты велошабандоз Александр Винокуров Өскеменде өткен «Қазақстан оқушысы-2019» көпкүндік веложарысының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Қоғам • 24 Шілде, 2019
«Осы елдердің ағашы қымбат па, ауасы қымбат па, адамы қымбат па, аңы қымбат па? Американың қасқыры мен қарсағын былай қойғанда қаңғырған итіне дейін қамқорлықта. Африка арыстанынан атжалманына дейін кие тұтады. Осы үшін қаншама ұлттық парк ұстап отыр. Бұтасын сындырып, тышқанына тиісуге қақың жоқ. Тілбезерден осының бәрін көріп отырып таңғаласың. Осының бәрін көрген соң ойға қалдым. Менің Алтайымның қасиеті қай елдің табиғатынан кем? ...Егер Алтайға тыныштық, мүмкіндік берсе өз жарасын өзі жазып, бүкіл зауалдан өзі құтқармақ. Ол үшін бұрынғы Катонқарағай ауданына Табиғи мемлекеттік ұлттық парктің статусы керек. Қысылғанда менің тапқан идеям осы болды». Қара сөздің хас шебері, Алтайдың айбоз жыршысы Қалихан Ысқақ «Келмес күндер елесі» атты роман-эссесінде осылай деп толғанған еді. Жазушының Америка мен Африканың табиғаты, аңы мен құсы, Алтайда ұлттық парк құру жайындағы ойларын бекерге ұсынып отырғанымыз жоқ. Біз бүгін сөз етпек кейіпкеріміздің де табиғатқа, Алтайға, Катонқарағайдағы ұлттық паркке тікелей қатысы бар.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Құнанбай қорымы мемлекет қамқорлығына қашан алынады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл көктемде, нақтырақ айтсақ, 26 сәуірде Шығыс Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында Семейде зиялы қауым өкілдерімен кездескенде: «Ұлы Абайды ұлықтағанда оның әкесі Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет. Ол – Семейде ғана емес, тұтас қазақ тарихында өз орны бар тұлға. Оны халқымыз жақсы біледі, қадір тұтады. Жас ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге болатын істі мен әрқашан қолдаймын. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін біз, шын мәнінде, осындай сабақтастық дәстүріне жол ашатын бірегей бастамаларды қолға алуымыз керек» дей келе, облыс әкімдігі алдағы уақытта Құнанбайдың есімін ұлықтауға байланысты тиісті шараларды жүзеге асыруы керектігін айтқан еді.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Алакөл тарихындағы алғашқы музей
Айдыны шалқар, суы шипалы Алакөлдің Шығыс Қазақстанға тиесілі жағалауы жылдан-жылға абаттанып, ажарланып келеді. 2014 жылға дейін бұл жағалауда қарабайыр демалатын жұрт бүгінде заманауи демалыс орындарында тынығып, соңғы үлгідегі сервис түрлерін тұтынады.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Жазушы тұрған үй музейге айнала ма?
«Е, Алматыда саған не бар? Бар жақсы, қасиетті дүние елде емес пе?! Сен Абай туған жерде отырсың, данышпан іздесең, жаныңда Абай жатқан жоқ па?
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Иә, 14-16 маусым күндері Тарбағатай ауданында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі өтті дүркіреп.
Аймақтар • 21 Маусым, 2019
Екі айда 270 шақырымды артқа тастады
Жақында Тарбағатай ауданында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі аясында ел тарихында тұңғыш рет «Ұлы дала қазанаты» атты 140 шақырымдық ат бәйгесі ұйымдастырылған болатын. Қазақтың ұзақ жүріске шыдамды қазанаттарын һәм алаштың атқа мығым отыратын, шымыр жігіттерін анықтау мақсатында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейден 100-ге жуық тұлпар қатысқан-ды.
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Жарты жыл жиналыспен өтіп кеткен жоқ па?
Жақында ел Президентін ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 маңызды бағытқа тоқталып, 10-бағытты «Жастарға көбірек көңіл бөлу» деп атап: