Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6713 материал табылды

Парламент • 01 Сәуір, 2021

Сенатор мемлекеттік аппараттың жұмысын сынға алды

Сенатор Қанатбек Сафинов мемлекеттік органдарды шенеуніктердің өз функцияларын беруге асықпағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 01 Сәуір, 2021

Президент коронавирусқа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді

Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

ТМД елдерінде шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын елімізде өтей алады

Сенаторлар бүгін ТМД елдерінде сотталған азаматтар мемлекетте жазасын өтей алатын заң қабылдады. Бірақ онда бір мәселе бар. Оларды жазалау бас бостандығынан айыруға байланысты болмауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 01 Сәуір, 2021

ІV тоқсан басталды: Оқушылар эпидемия жағдайында қалай оқиды?

Ведомствоаралық кеңестің коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шешіміне және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес IV тоқсанда мектеп оқушыларын оқыту форматы өңірдегі эпидемиялық жағдайға байланысты болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Қымбат шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері үш облыстың аумағында қымбат шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысқан аймақаралық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус • 01 Сәуір, 2021

Еліміздің тағы бір өңірі «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Ондағы мәлімет бойынша Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды

Алматылық жас мамандарға баспана алуға мүмкіндік беретін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 01 Сәуір, 2021

Нұрлан Нығматулин Германия елшісін қабылдады

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Йоханнес Клиннермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 01 Сәуір, 2021

Елордада бүгіннен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының орынбасары Бағлан Сматаева бүгіннен бастап 1 тамызға дейін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталатынын айта келе ерекше білімді қажет ететін балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Қордайда «ерекше» балаларға арналған түзету кабинетінің филиалдары ашылды

«ДАРА» ЖҚ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асыратын «Әр алуан – бірақ тең» жобасы аясында Қордай кентіндегі түзету кабинетінің филиалдары Жамбыл облысының Масаншы және Сортөбе ауылдарында ашылды. Ал Қордай ауданының өзінде Ресурстық орталық өз жұмысын бастады. Бұдан басқа 15 жылдан бері жұмыс жасайтын Қордай түзету кабинетінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен толық жабдықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.