Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6698 материал табылды

Коронавирус • 19 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда тағы бір авиажолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанға Мысырдан келген жолаушы инфекцияның симптомсыз тасымалдаушысы болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Болат Өтемұратов қоры Мақтааралдағы 150 отбасына үй сыйлады

Болат Өтемұратов қоры Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Мырзакент қаласында 150 үйдің құрылысын аяқтады. Олар осы өңірде өткен көктемде бөгеттің бұзылуынан болған су тасқынынан зардап шеккендерге арналды. Бүгін ҚР вице-министрі Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен үйлердің кілттері болашақ тұрғындарына берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 19 Қазан, 2020

Елімізде 36 мыңнан астам адам жаттығатын 97 кәсіби спорт клубтары бар - министр

Бүгінде республика бойынша 36 мыңнан астам адам жаттығатын 97 бірлік кәсіби спорт клубтары бар. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Камалжан Надыров қызметінен босатылды

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

Индустрия министрлігі "АЗИЯ АВТО" компаниясына қатысты мәлімдеме жасады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "АЗИЯ АВТО" басшылығы өз міндеттемелерін орындамағанын және қоғамды жаңылыстырып отырғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Алматы облысында 15-ші сервистік әкімдік ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданында мүгедектер үшін шақыру қоңырауы, пандус, брайль шрифтінде жазылған тақталар, өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш, яғни барлық мүмкіндіктер қарастырылған сервистік әкімдік ашылды. Бұл — Алматы облысында ашылған 15-ші сервистік әкімдік, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 19 Қазан, 2020

"Birgemiz" қоры 2,2 миллион қазақстандыққа көмектесті - Бауыржан Байбек

Елбасының тапсырмасымен "Birgemiz" қорынан мұқтаж отбасыларға 50 мың теңге көлемінде атаулы көмек берудің 5-інші кезеңі аяқталды. Оның нәтижесі туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісінде арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 19 Қазан, 2020

Қазақстан Қарулы Күштерінің метрологиялық қамтамасыз ету ережелері қабылданды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылы 9 қазанда №516 "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райы • 19 Қазан, 2020

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

"Қазгидромет" РМК 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Шымкентте әскери қызметшілер қорытынды тексеруді тапсыруда

Еліміздің оңтүстігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері қорытынды тексеруді тапсырып жатыр. Оған лауазымы мен әскери атағына қарамастан бөлімнің барлық әскери қызметшілері қатысады. Сынақтарды әскерлер қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Асхат Сайлыбаевтың басшылығымен ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының комиссиясы қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz.