Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Ақтөбеде құжатсыз жүрген жүргізушілер анықталды

376 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбеде бір тәулікте екі құжатсыз жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбеде құжатсыз жүрген жүргізушілер анықталды

1 қараша күні Кирпичный ауылында орналасқан “Greenland” демалыс базасының жанында патрульдік полиция қызметкерлері 32 жастағы “KIA Rio X-Line” автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты, ол көлік құралын “жеңіл” дәрежеде мас күйінде басқарған және көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Сол кеште Зинченко көшесінде патрульдік полиция жасағы 42 жастағы “Опель Вектра” автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты, ол да көлік құралын “орташа” дәрежеде мас күйінде басқарған және көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жүргізушілер Ақтөбе қаласы ПБ УҰИ-не қамалды. Екі дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.