Әлем • 12 Қазан, 2020
Жаһанды орман өрті кезіп жүр...
2020 жылдың біз күтпеген «жаңалыққа» толы болғанын айтпаған адам, жазбаған басылым қалмаған шығар, сірә? Жыл басында Аустралияның өртке оранғанын жазған болатынбыз. Басқа апаттарды, пандемияны есептемегенде тағы бірнеше мемлекетте орман өртеніп үлгерді. Жақында ғана АҚШ-тағы ормандардың өртке оранғаны мәлім болды. Тіпті хабарлардан орман өртінің арнайы маусымдары да болатынын білдік. Ал сол өрттерге біздің қатысымыз жоқ па, ойланып көрдіңіз бе?
Қоғам • 12 Қазан, 2020
БҰҰ волонтерлері қатарын толықтырды
Іріктеуде озып шыққан 7 қазақстандық БҰҰ-ның Иордания, Таиланд, Түркия мен Кениядағы волонтерлік топтарына қосылды. Қатысушылар іргелі ұйымда 1 жыл қызмет етеді.
Руханият • 07 Қазан, 2020
«Атажұртта оқиды қалың қазақ баласы»
Шетелдегі қандастарымызды атажұртқа оралуға үндеу тәуелсіздіктің алғашқы күнінде-ақ қолға алына бастады. Бүгінде мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте «Отандастар қорының» да еңбегі елеулі. Шетелдегі қазақ жастарының елге келуіне мұрындық болып, олардың атажұртта бейімделуіне жол көрсетіп жүрген ұйымның жобалар координаторы Дидар БОЛАТ қордың жаңалығы мен жоспарлары жайында әңгімелеп берген еді.
• 01 Қазан, 2020
Сараланған экологиялық инвесторлар үшін тартымдылықты сақтауға көмектеседі
«Атамекен» ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец комитеттің отырысында тау-кен және металлургия өнеркәсібі үшін салықтың өсуіне алаңдаушылық білдірді. Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өтті.
Әлем • 01 Қазан, 2020
Таулы Қарабақ үшін күрес жалғасып жатыр
Әзербайжан мен Арменияның Таулы Қарабақ үшін күресі жалғасып жатыр. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі аймақта жүрген Армения әскерін қоршауға алғанын хабарлады. Ал Армения бұл соғыста Ресейдің қорғаныс әлеуетін қолданатынын мәлімдеді.
Әлем • 01 Қазан, 2020
Сәрсенбіге қараған түні АҚШ-тың Кливленд қаласында АҚШ президентіне үміткерлер арасында дебат өтті. Республикалық және Демократиялық партиялар өкілі Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы пікірталастың бұрынғы үміткерлер дебатынан өзгеше болғанын бірқатар БАҚ жарыса жазуда.
Білім • 30 Қыркүйек, 2020
Студенттерге арналған конкурс жарияланды
Қазақстан студенттерінің альянсы еліміздің үздік студенттерін анықтау мақсатында алғаш рет конкурс ұйымдастырып отыр. «Қазақстанның алтын жастары» сыйлығына ел студенттері бірнеше бағыт бойынша қатыса алады.
Сұхбат • 30 Қыркүйек, 2020
Қоғамды өзгертуді ауладан бастаған абзал
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы талай талантты жасты елге танытты. Қабілетті жастар арқылы елімізде кеңінен қанат жайған салалардан жан-жақты хабардар болдық. Бірі ағаштан түйін түйген шебер болса, бірі – халықаралық аренада елімізді танытып жүрген дипломат. Бүгінгі кейіпкеріміз – Narxoz университетінің студенттер мәселесі бойынша деканы Дана Шаяхмет жастар саясаты, урбанистика мен креативті өндіріс саласындағы жетістіктерімен танымал. Жас ғалыммен әңгімеміз ғылыми зерттеудің маңызы мен жастардың азаматтық белсенділігі төңірегінде өрбіді.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020
Көлік полициясымен күш біріктірді
«Волонтер жылында» еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында Көліктегі полиция департаменті «Менеджмент және бизнес» колледжі волонтерлерінің қатысуымен «Патруль-ерікті» бірлескен іс-шарасын өткізді. Көлік полицейлері волонтерлермен бірлесе отырып «Нұр-Сұлтан-1» темір жол вокзалында және жолаушылар пойыздарында 500 бетперде таратты.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2020
Шектеулі мүмкіндіктің шексіз әлемі
Волонтерлік тек мұқтаж жандарға көмек көрсету емес, бұл – өмір салты, үлкен мәдениет. Әдетте әр еріктінің осы жолға келуінің өз тарихы, хикаясы бар. Бүгінде «Өмір лимон берсе, лимонад жасап ал» деген пәлсапа жиі айтылады. Тағдырдың жазылғанына көніп, қарап қалмай, өзі өмір сүріп жатқан қоғамды жақсартуға тырысып жүрген адамдарды көргенде болашаққа үмітпен қарайсың. Бүгінгі кейіпкеріміз Гүлден Өтебалиева жолдасымен бірге спорт мектебін ашып, Атырау облысы Махамбет ауданындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен айналысуына жағдай жасап жүр. Гүлден спорттың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін маңызы мен спортқа құштарлықтың адам өміріне әсері туралы әңгімелеп берді.