Әлем • 04 Ақпан, 2022
Сирияның Идлиб провинциясында АҚШ-тың арнайы операция күштері жүргізген рейд нәтижесінде 13 адам қаза тапты. Олардың ішінде 6 бала бар.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2022
Биылғы қаңтарда елімізде Корея елінің дипломатиялық өкілдігінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Е.П.Ку Хонг-сок БАҚ, дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесіп, екі ел арасындағы байланыс деңгейі туралы айтып берді.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
Жастар Холокост тақырыбына әлі де үреймен қарайды
Германияда жақында жастардың Холокостқа қатысты көзқарасын білу мақсатында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көпті таңғалдырды. «Ұлтшыл-социализм дәуірінің абсурд пен зорлыққа толы болғаны сонша, кейде тіпті мұның шын мәнінде болғанына сену қиын» деген де жауаптар кездесті.
Әлем • 27 Қаңтар, 2022
Вакцина алғандар тізімі сатылып жатыр
Ресейде вакцина алған азаматтар туралы мәліметтер базасы сатылымға шығарылды. Үкімет тексеру жұмыстарын бастады. Шенеуніктер базада жеке мәліметтер жоқ дейді.
Әлем • 27 Қаңтар, 2022
Еуропа ішінде саяхат жеңілдейді
Коронавирус пандемиясы аяқталмаса да, Еуропалық одақта саяхаттау оңайырақ болады.
Әлем • 27 Қаңтар, 2022
Польша шекарасын шегендеуге ниетті
Польша өз аумағына адамдардың заңсыз кіруін тоқтату үшін Беларусьпен арадағы шекараға қабырға салуды бастады.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
NEET санатындағы жастарға қамқорлық керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында өткен Парламент Мәжілісінің отырысында «Жұмыссыздықты, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше көңіл бөлу керек. Жоғары оқу орындарын, колледждерді бітірушілер, әсіресе білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Біз мұны жақсы білеміз. Олар тапқан жұмысын істеп өмір сүреді. Кейбіреулер табыс іздеп, заң бұзуы мүмкін», деді. Президент осы сөзі арқылы жастарға қатысты мәселелердің кең ауқымын атап көрсетті. Шын мәнінде Үкімет тарапынан жұмыспен қамтуға қатысты бірқатар бағдарлама қабылданса да «жұмыс күтіп жүрмін», «жұмыс іздеудемін» деген жастар қатары кемімей тұр. Бұдан басқа да мәселелер жеткілікті.
Коронавирус • 24 Қаңтар, 2022
Коронавирустың жақында пайда болған «Омикрон» штамы жедел таралуымен әлемді әбігерге салды. Бірнеше апта ішінде әлемнің түкпір-түкіпіріне жайылып үлгерді.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2022
Ассамблея бастамаларды қолдайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысушылар Парламент Мәжілісінің отырысында айтылған Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорын құруға жан-жақты атсалысатынын мәлімдеді.
Әлем • 17 Қаңтар, 2022
Кипрде коронавирустың жаңа штамы анықталды
Кипр ғалымдары коронавирустың «Дельта», «Омикрон» штамдарының гибридті түрін тапқанын хабарлады. Кипр университетіндегі Биотехнология мен молекулярлы вирусология лабораториясында жұмыс істейтін бір топ ғалым оны «Дельтакрон» деп атады.