Әлем • 07 Қараша, 2021
Украина Денсаулық сақтау министрлігі елде вирус салдарынан көз жұмғандардың артқанын хабарлады. Кеше 793 адамның өлімі тіркеліпті. Елде індеттен бір күнде осынша адамның көз жұмуы бұрын-соңды кездеспеген.
Әлем • 04 Қараша, 2021
Еуропа елдері Facebook-ке қатысты жаңа заң қабылдайды
Кейінгі айлар Facebook үшін сынаққа толы болып тұр. АҚШ-тағы бірқатар БАҚ әлеуметтік желілер алыбына қатысты түрлі құжаттар жариялап, компания көп ұзамай құлайды деген ой тудырды.
Тәуелсіздік • 03 Қараша, 2021
Басты құндылығымыз – Тәуелсіздік
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында мемлекетіміздің қалыптасуына елеулі үлес қосқан белгілі азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Бақтықожа ІзмұхамБетовпен жүргізген әңгімемізді ұсынып отырмыз.
Елорда • 03 Қараша, 2021
Жастардың көзқарастарын білу маңызды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ф.Эберт атындағы қор өкілдігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен «Қазақстан жастары: құндылықтарын, үміттерін, ұмтылыстарын бағалау» тақырыбындағы зерттеу нәтижесін ұсынды.
Елорда • 03 Қараша, 2021
Қоғам ықтимал лаңкестік шабуылдардан лайықты қорғалуға тиіс
Елордада Kazakhstan Security Systems қауіпсіздік жөніндегі халықаралық көрме-конференциясы өтті. Көрмеге келушілер нарықтағы жағдай, саладағы үрдістер, оны дамытудың перспективалық бағыттарына қатысты өзекті мәселелерді шешу мақсатында салалық көшбасшылардан, ғылыми-техникалық және сараптамалық қоғамдастықтан, мемлекеттік билік органдарынан толық ақпарат алды.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Атажұрттағы басқосу қандастарды шексіз қуанышқа бөледі
Еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап шетелдегі қандастарды қолдау және отандастарымызды тарихи атамекенімен таныстыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Осы мақсатта «Отандастар қоры» КеАҚ пен Jas Qazaq халықаралық жастар клубы бірнеше жыл қатарынан «Киелі Қазақстан» жобасын ұйымдастырып келеді.
Саясат • 31 Қазан, 2021
Израиль нысанасына Сирия да ілікті
Сирияның әуе қорғаныс күштері ел астанасының маңынан зымырандарды тапты. Олар зымырандар Израиль тарапынан жіберілгенін айтады.
Қоғам • 29 Қазан, 2021
Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандықтар мәселесі қаралды
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық кеңсе Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, «1939-1945 жылдары фашистік Германия, Финляндия және басқа Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ «Түркістан легионында» уақытша болған қазақстандық әскери тұтқындар бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу туралы» тақырыбындағы топтық семинар өткізді.
Әлем • 29 Қазан, 2021
Үндістан: Тіл төңірегіндегі тартыс
Өткен аптада Үндістандағы оңшылдар елдегі алдыңғы қатарлы компанияның бірін мерекелік жарнамада урду тілін қолданғаны үшін жарнамаларын алып тастауға мәжбүрледі. Бұған себеп ретінде елде урду тілі мұсылмандар тілі ретінде қабылдануы айтылуда.
Кино • 24 Қазан, 2021
Тұңғиығына тартқан тұрлаусыз көрініс
Кейінгі апталарда жастар арасында қызу талқыланып жүрген тақырып – оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» (Squid Game) дорамасы. Әлеуметтік желілерде жүйені, сыбайлас жемқорлықты осы хикаяның кадрлары арқылы келемеждеп, түрлі жағдайды сипаттайтын «мемдер» тарап та үлгерді.