
Әлем • 06 Ақпан, 2023
Кеше Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп елді мекенінде 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Анадолы агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпуі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04.17-де, 7 км тереңдікте болған.
Экономика • 06 Ақпан, 2023
Қазақстан-Қытай: Жаңа 30 жылдықтың жоспары
Осыдан он жыл бұрын ҚХР төрағасы Қазақстанда «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асыру туралы бастама көтерген еді. Қолдауға ие болған жоба аясында бірқатар құрылыс жүргізілді. Екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың бұл бір тармағы ғана. Қазақ-қытай байланысының алдағы перспективалары қандай? ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ескі жылды қорытындылап, биылғы жоспармен бөлісті.
Отбасы • 05 Ақпан, 2023
Отбасы институты – ұлттың айнасы
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда неке құрған әрбір үшінші отбасы ажырасып кетеді екен. Осыған орай елімізде екі жақты татуластырумен қатар бүгінде отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді. Алайда мұндай орталықтың барынан тұрғындардың көбі хабарсыз. Жуырда елордада таныстырылған «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасында осы секілді бірқатар мәселе қамтылған.
Төтенше жағдай • 01 Ақпан, 2023
Жыл басынан бері Астанада 80-нен астам өрт тіркелген. Мамандар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тілсіз жаудан келген қауіптің 52,8%-ға артқанын айтып, ескерту шараларын жандандырып отыр.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2023
Мерзімді баспасөз әлеуеті артады
Елордада өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарына арналған екі күндік форум аяқталды. Өңірлік БАҚ-ты дамыту, газеттегі жарнама және монетизация әдістері, газет тарату мен жеткізу секілді мәселелер көтерілген іс-шараның нәтижесі қандай? Үкілеген үмітпен келген аймақтардағы баспасөз өкілдерінің ұсыныстары мен талап-тілегі іс жүзінде қалай іске аспақ?
Қоғам • 26 Қаңтар, 2023
Жаңа телеарна көрерменге жол тартты
Елдегі БАҚ жаңа телеарнамен толықты. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті. Жиында этномәдени бірлестіктердің өкілдері телеарна контенті мен мүмкіндіктерін талқылап, көрермендер сұранысына орай ұсыныстарын білдірді.
Ғылым • 23 Қаңтар, 2023
Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді. Өйткені еліміздің барлық аймағына талантты жастарды тартып, өңірлік резервтер құру қажет. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар осы жылы мемлекеттік қызметте өзге де тың бастамалар қолға алынбақ.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2023
Демографиялық саясат: Бағдар мен болжам
Ұтымды жасалған демографиялық саясат – мемлекет өркендеуінің кепілі. Алайда көптеген елде бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілмеуі дамуға үлкен нұқсан келтіріп жатады. Қазақстанның демографиялық саясаты қандай? Көбейіп, көркеюге қажетті бағыт-бағдар мемлекеттік мүдде тұрғысынан көзделген бе?
Қоғам • 11 Қаңтар, 2023
Мұқтаж жандарға қолұшын созады
Белсенді жастар жаңа жылды игі іспен бастады. Қаңтардың қалың қары мен ақтүтек бораны елді мекендердегі қатынасты қиындатып, біраз әбігерге салғаны баршаға белгілі. Осыны ескерген жастар көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созуды жөн санаған.
Білім • 11 Қаңтар, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда Қазақстанда ІТ нарық толық қалыптасқан. Десе де, бұл саланың мамандары, соның ішінде жастар шетел асуды көздеп тұрады. Әсіресе, сарапшылар «FAANG компанияларына сұраныс артып тұрған кезде компьютердің құлағында ойнап, интернеттің мүмкіндігін толық игергендерді «үйде» ұстап тұру мүмкін емес», дейді. Бұл үрдіс Қазақстандағы нарыққа қалай әсер етіп жатыр?