
Референдум 2024 • 09 Қазан, 2024
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров аумақтық референдум комиссияларының хаттамалары негізінде 6 қазанда өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады. Республикалық референдумның қорытындылары бойынша ОРК отырысына бейнеконференция байланысы режімінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық референдум комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Референдум 2024 • 08 Қазан, 2024
Алдын ала нәтижелері жарияланды
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Атап айтқанда, дауыс берген халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады.
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Халықаралық байқаушылар қызығушылығы жоғары
Кеше Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен бес кездесу өткізді.
Референдум 2024 • 05 Қазан, 2024
ОРК: Үгіт-насихат жұмысы аяқталды
Кеше АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өткізуге дайындық аясында Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті.
Үкімет • 04 Қазан, 2024
Сенаторлар Жоғарғы сот судьясының кандидатурасын қолдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Мемлекет басшысы ұсынған Жоғарғы сот судьясын сайлады және биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады.
Үкімет • 27 Қыркүйек, 2024
Комиссиялардың жұмысы тексерілді
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысы мен Астана қаласының 6 қазан күнгі республикалық референдумға дайындық барысын тексерді. Ол алдымен Қарағанды облысында кеңес өткізіп, сайлау учаскелерінде болды.
Басылым • 19 Қыркүйек, 2024
Басқа басылымдардан: Германия Канцлері – Қазақстанда
Қазір Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі болып отыр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың алғашқы 7 айында 13 пайызға өсіп, 2,3 млрд долларды құраған. Германиядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі өткен жылы 64 пайызға өсіп, 770 млн долларға жетті.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Атом электр стансасының қандай артықшылығы бар? Елдегі ауыл-аймақтарды газдандыру мәселесі қалай жүріп жатыр? «Amanat» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында осы мәселелер талқыланды.
Референдум • 18 Қыркүйек, 2024
Орталық референдум комиссиясы елімізде АЭС салуға қатысты республикалық референдумға дайындық барысын талқылады. Комиссияның екінші отырысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру тәртібі, өңірлердің дайындығы, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді әзірлеу, дауыс беру тәртібі мен референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі талқыланды.
Қазақстан • 06 Шілде, 2024
Бүгінде Астана жаһанға бейбітшілік алаңы, меймандос қала ретінде танылды. Бұған қоса шаһар әлемнің бірінші көшбасшылары жиналатын, мемлекетаралық мүдделерді тоғыстырған, геосаяси тұрақсыздықты реттеуге шақыратын бітімгершілік миссиясын да абыройлы атқарып отыр. Елорда өз беделін батыл қадамдардың арқасында қалыптастыра білді.