Әдебиет • 18 Наурыз, 2024
Екінші дүниежүзілік соғыс өрті сейіліп, айнала дауылдан кейінгі егін алқабындай алай-дүлей күй кешкен тұста Ұлытау бөктерінде туған жас сәбиді ешкім де аңғарған жоқ. Ол кезде тіпті кейіннен ағалық пікірлерін ақтарыла жазған Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиев 16 жастағы бозбала еді.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Наурыз – ата-бабадан мирас болып жеткен ұлық мерекенің бірегейі. Көне парсы тілінде «Жаңа күн» мағынасын беретін айтулы мейрам еліміздің ынтымағы мен бірлігінің айғағы іспетті. Ұлыстың ұлы күні биыл жаңаша сипат алып, көкжиегі кеңейіп отыр.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
Колумбия университетіндегі күй күмбірі
Өнер – шекара талғамайтын киелі ұғым. Нәркес жанымен, сексеуілдің бұтасындай берік рухымен қазақтың халық әндері шетел тыңдармандарының назарын аударып келеді.
Әдебиет • 11 Наурыз, 2024
«Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең». Әуезов сөзі ой базарының бірде олжалы, бірде қол қусыртқан әрнешік ахуалынан хабар береді. Ең абзал ойлар – шарқ ұрған ізденіс шиырынан, тәжірбие жиынынан түзілсе керек. Ендеше, сана түкпірінде жалт еткен жарлы-жарсыз ой-түйіндер легін алдыңызға жайдық, қадірлі оқырман.
Сұхбат • 08 Наурыз, 2024
Гүлнар Салықбай: Өлеңге жүрек пен шынайылық керек
Сексенінші жылдардың соңын ала қазақ өлеңіне келген лектің ішінде Гүлнар Салықбай есімі ерекше аталды. Ә дегеннен-ақ парасатты поэзияға адалдықтың, әсемдіктің үлгісіндей өндір өлең оқырманға жол тартты. Жүректің ең терең нүктелеріне сапарлаған мәңгілік ынтық, мәңгілік ғашық жырлар иесімен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әңгімелескен едік.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024
Сонау-сонау жылдарда, өткен ғасырдың орта белінен асқанда ақын-жазушылар санатына жаңа есім қосылды. Ә, дегеннен адуындылығы аңғарылған көрікті ару көргеннің көңілін тойдырып, ортаға танылды. Көк түріктің азулы ақыны Темірхан Медетбек ажарына ақылы сай ақын хақында «Ханбибі – бал мен удың, қайғы мен қуаныштың, жамандық пен жақсылықтың, биік пен төменнің, жасық пен батырдың бір-бірімен ұстасатын, қилы кезеңдердің қатерлі сәтіндегі құбылыстарды ұстап алатын мұз бен шуақтың ортасында жүретін, бір жағы мұп-мұздай, бір жағы жып-жылы болып тұратын қуатты ақын» деп ризалық ілтипатын себеді.
Өнер • 06 Наурыз, 2024
Ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық тартысы заманалар легімен жаңаша көрініс тауып, адамзатқа абзалдық дәнін сеуіп келеді. Күн сайын астасқан мылтықсыз майданда адамның кемелддіке ұмтылуына, жарыққа қарауына дәнекер болар туындылар баршылық.
Әдебиет • 05 Наурыз, 2024
«Бұрын, бұрын, бұрында бір шал болыпты. Жел соқса, домалай жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты». «Қаңбақ шал» ертегісі қойнына алақұйын мағына жасырған құнды қазынадай. Шын мәнінде, ертегі бүгінгі қоғам бедеріндегі жел қайда тұрса, сонда ұшатын қаңбақ адамдардың прототипін жасағандай.
Өнер • 05 Наурыз, 2024
Димаш – өнер, Димаш – аңыз. Дара талант сәулесі әлемнің әр түкпіріне жетіп, ұлт мерейін үстем етіп келеді.
Таным • 29 Ақпан, 2024
Салқар көш, тұман дала, терге шіріген тебінгі, жебесі сынған қорамсақ, құзар шыңдағы аш байғыз... Тоғай-тоғай жер асқан, ынтымағы жарасқан қазақтың қоңыр жанын қойнына сыйдырған киелі аспап бар. Ол – қобыз.