Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
287 материал табылды

Таным • 13 Желтоқсан, 2023

Әйел бейнесі

«Әлемді сұлулық құтқарады» деді Достоевский. Пикассо: «Еңбек пен әйел өмірді ұзартады» деген тұжырымды ой айтты. Бақсақ, қайбір ұлы шы­ғар­маның бойында алтын кездіктей жарқырап әйел бейнесі мұнартады.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

8 мың кітап сыйға тартты

Кітап – қазына бұлағы. Елімізде баспа ісі жыл сайын өркендеп, жаңаша сипат алып келеді. Тәуелсіз жастардың әлемдік мәдениетке үлес қосқан, аты мәшһүр іргелі кітаптармен төл тілімізде танысуына жол ашылып отыр.

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2023

Ыбырай парасаты

Ұлтқа қызмет ету үлгісі туралы сөз қозғасақ, тілімізге оралатыны – Абай мен Алаш. Ал Ыбырай ше? Ол алғаш ел ішіне қанатымен су тасыған қарлығаш еді ғой. Отарлық езгісінен еңсесі түсіп, жігері кетіле бастаған ұлтқа аттан салған рух сарбазы Ыбырай емес пе еді? Жалғыз рет берілер дүрия-дүниенің сәті мен сағатын ел мұраты жолында пида еткен қайсар талант еді ол. «Бір Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» деп Алаш баласын тұңғыш рет жаһандық білімге үндеген Алтынсарының ұлы болатын.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023

Мәні ерекше қос туынды

Бабаларымыздың жаһандық өркениетке қосқан үлесі хақында аз айтылып жүрген жоқ. Сан тарапқа шашылған шежірелі мұраларымызды зерделеу ісіне тек тарихшылар емес, барша қоғам өкілдері атсалысып жүр. Бұл тамыры терең тарихы­мыздың ертеңіне едәуір септігін тигізері – талассыз ақиқат.

Әдебиет • 29 Қараша, 2023

Жарықшақтар 3

Сұхбат • 23 Қараша, 2023

Кәдірбек Сегізбайұлы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Барға шалқаймайтын, жоққа еңкеймейтін ұрпақпыз

Кәдірбек Сегізбайұлы есімі көзі қарақты оқырманға етене таныс. Мінезі сабырлы, парасатты жазушы болмысы қазақ танымының қазынасы іспетті. Жақында сексеннің сеңгіріне шыққан қаламгермен әңгімелесудің сәті түскен еді.

Әдебиет • 13 Қараша, 2023

Шығысшыл Абай

«Абайдың Батысынан Шы­ғысы басым» деген Мұхтар Әуе­зов. Хакім жырларын бажайлап оқысақ, шығыстық қазыналарға көптеп ұшырасамыз. «Ақылмен хауас барлығын, Білмей-дүр, жүрек сезе-дүр», дейді ақын. Хауас деген не?

Әдебиет • 12 Қараша, 2023

Асып туған

Талант – адам бойындағы Тәңірден берілген артық қуат. Бұл біздің емес, Абайдың Көкбайға айтқан сөзі. Сондықтан ба екен, талант атаулы ұшқалақ, «бірде Құдайдай құдіретті, бірде құмырсқадан әлсіз».

Сұхбат • 02 Қараша, 2023

Нұрғали Ораз: Бізде таланттардың еңбегін бағалау кемшін

Нұрғали Ораз шығармаларының бір қыры, ұлтымыздың назқоңыр жанын, адамдық әсем табиғатын қалтқысыз суреттеуінде. Іңкәрлік, сезімшілдік, тазалық самалы есетін туындылар жан түбінен киелі шақтағы алтын сәулені оятады. Қақ-соқпен ісі жоқ, жалғыздық құзарында жүрек нұрын жайған жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.

Әдебиет • 01 Қараша, 2023

Шабытты шалқытатын – ізденіс

Кез келген іргелі шығарманың соңында көл-көсір еңбек ізі мұнартады. Еңбексіз өсу жоқ, онсыз тұшымды үдеріс болмақ емес. Достары әйгілі Григорий Потаниннің ертеңгілік дарға асылар тұста түнімен неміс тілі сөздігін оқып шыққанын айтады. Ақыры үкім қайта қаралып, оқымысты ғалым ажал тырнағынан аман қалады.