Әдебиет • 01 Қараша, 2023
Кез келген іргелі шығарманың соңында көл-көсір еңбек ізі мұнартады. Еңбексіз өсу жоқ, онсыз тұшымды үдеріс болмақ емес. Достары әйгілі Григорий Потаниннің ертеңгілік дарға асылар тұста түнімен неміс тілі сөздігін оқып шыққанын айтады. Ақыры үкім қайта қаралып, оқымысты ғалым ажал тырнағынан аман қалады.
Әдебиет • 30 Қазан, 2023
«Әлемде төрт мұхит бар. Бесінші мұхит – күй» деген еді Әбіш Кекілбайұлы. Расында, терең иірімін түбіне жасырған күй мұхиты кез келгенге сыр алдырмақ емес. Күйді түсіну – ұлттың жанын ұғыну, ел тарихының кешегісі мен бүгініне ой жіберу.
Елорда • 29 Қазан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бiрлестiгiнде ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақыппен кездесу кеші болып өтті.
Сұхбат • 26 Қазан, 2023
Дидар Амантай: Қоғамның барометрі – сенім
Ел болашағын биіктетудің ең кемел жолы – ұлттық санасы мығым, ақыл-ойы әлемдік классикалық інжу-маржандармен бекіген ойлы ұрпақ қалыптастыру. Дидар Амантай есімі Тәуелсіздік жылдарынан бергі оқырман қауымға етене таныс. Жазушы үнемі ізденісте, әрдайым жаңа белес өрінде. Оқырманға ауық-ауық жанартау секілді дүр сілкінісі сезіліп тұрады. Республика күні қарсаңында «Құрмет» орденімен марапатталған жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Басылым • 18 Қазан, 2023
«Абай ғибратнамасы» – оқырман олжасы
Абайды тану, Абайды зерделеу – ұлт қазынасына қосылған мол үлес. Абайды білу өзіңді, өз халқыңды білумен тең. Хакім жырларын зерттеу ісі тәуілсіздік жылдарынан бері жаңаша сипат алғаны көңіл қуантады.
Басылым • 18 Қазан, 2023
Ұлттық академиялық кітапханада ғалымдар Азамат Жамашев, Ернар Мәжен, Дорбетхан Жомарт бірлесіп дайындаған «Сайын даланың саңлақ ғұламалары» мен «Темірқазық: қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Әдебиет • 12 Қазан, 2023
Шәкәрім – күрделі тұлға. Сірә, данышпандық дегеніміз тереңдікте жасырынған. Ал терең тұлғаға бойлайтын кісі де аз. Шәкәрім әлемін ашу, Шәкәрім әлеміне ену – асқан ыждаһат пен білімді қажет ететін іс.
Кино • 10 Қазан, 2023
Отандық фильм – «Азия Оскарынан» үміткер
Режиссерлер Айсұлтан Сейітовтің «Қаш», Дархан Төлегеновтің «Ағайынды», Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» картиналары «Азиялық Оскар» (Asia Pacific Screen Awards) сыйлығына үміткерлер қатарына кірді.
Әдебиет • 08 Қазан, 2023
Ежелгі Грек-Рим өркениеті әлем мәдениетіне орасан зор үлес қосты. Театр, цирк, ғылым салалары, олимпиада ойындары, қолөнер, сәулет, музыка өнері дамып, қайнарбұлаққа айналды. Эсхилдың «Бұғауланған Прометей», «Парсы», Софоклдың «Антигоны», Аристофанның «Бұлт» пен Құстары» театр көрермендеріне эстетикалық ләззат сыйлады. Ал Пифагор, Фалес математика ғылымын зерделесе, Эмпедокл жануарлар мен өсімдіктерді екшеп, Аристотель философияның абызы атанды. Гиппократ медицинаны жаңғыртса, Геродот тарихтың атасы болды.
Қоғам • 05 Қазан, 2023
Шаханов феномені Тәуелсіздіктен кейінгі жас буынның рухты, жігерлі болып қалыптасуына игі ықпалына тигізді. Ақынға еліктеген өрендер әділетсіздікке, жігерсіздікке жаны күйіп, отанды сүюдің дара сипатын ұғынды. Елдік сарында жазылған рухты жырлар әр кеудеге айшықты із қалдырғаны сөзсіз.