Елорда • 20 Маусым, 2023
Елорда төрінде халық ақыны, жырау, әнші және композитор Кенен Әзірбаевтың құрметіне мүсіні орнатылып, ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, қаламгер, академик Уәлихан Қалижанұлы, ақынның ұлы Бақытжан Кененұлы мен қызы Төрткен Кененқызы, сондай-ақ астаналық өнерсүйер қауым қатысты.
Әдебиет • 15 Маусым, 2023
Әзербайжан астанасы Бакуде түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетінің II фестивалі өтті. Іргелі іс-шараның алғашқы күні қазақ әдебиетіне арналды. Мерекелік жиында түркі халықтарының бай рухани мұрасы мен мәдени құндылықтары өскелең ұрпаққа насихатталды.
Әдебиет • 12 Маусым, 2023
Өлең – рух. Рухтың қағазға түскен пішімі іспетті. Сөз қуатының жанға етер әсері орасан. Қайбір жырды оқығанда, әуезді ән тыңдағанда көпке дейін иірімі ойда сақталып, іштей күбірлеп жүретініміз бар. Сол оралымды шығарма, елеулі әннің бірі – «Ғалия» әні.
Сұхбат • 08 Маусым, 2023
Айгүл Кемелбаева: Өнер Құдайдың құдіретін тануға бастайды
Айгүл Кемелбаева – әдебиетсүйер қауым ерте күннен таныған, қаныққан есім. Таяуда әдебиетпен тыныстап, әдебиетпен қоректенген, тұтас ғұмырын оқу мен жазуға арнаған қаламгермен әңгімелескен едік.
Әдебиет • 07 Маусым, 2023
Студент кезде әрбір бетін ыждаһатпен парақтап, терең адамгершілік сәулесіне ынтық болған Толстой кітаптарын көп жылдан кейін қайта аштық. Аштық та, таң-тамаша болдық. Сірә, мұны «Неге?», «Неліктен?» деп сұрап жатудың өзі артық болар.
Әдебиет • 06 Маусым, 2023
Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және олардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет президенттік әдеби сыйлық тағайындалып отыр.
Таным • 01 Маусым, 2023
Өткен ғасыр бейнесі біздің санамызда мамыражай ауасымен, ізгі самалымен мұнартады. Қайырылмас уақыттың керімсал әсерлері, қилы оқиғалары, ұяң сәттері әдебиет, мәдениет арқылы санамызда жатталды.
Жәдігер • 31 Мамыр, 2023
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тарихы тереңде. Тұлпарының дүбірі дүниені кезген бабалар мұрасы бай шежіремізден ақпар береді.
Өнер • 30 Мамыр, 2023
Қазақ әні қытай тілінде шырқалады
Қазақ ән өнері – ұлт жанының өмірбаяны іспетті. Мейірім, махаббат, сүйіспеншілікке суарылған төл туындылар ел жадында жаңғырып келеді.
Поэзия • 28 Мамыр, 2023
Көктемнің жазға ұласар шағында майсалы дала, жазық алқапты ойлаймын. Бар қырын толық ашып үлгермеген гүлдер, сол гүлге құмартқан өрімдей бойжеткен, бозбалалар. Бүкіл әлемге махаббат самалымен, сүйіспеншілік нұрымен қарайтын, біреуді ренжітіп алудан өрт тигендей қорқатын қоңыр адамдарды еске аламын.