Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
287 материал табылды

Тұлға • 23 Сәуір, 2023

Әкбар Гошалы: «Тұранның әлемге күн секілді көтерілер сәті келеді...»

Түбі бір түркі халықтарының тұтас ел болу жолындағы еңбек – ерен де қастерлі іс. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалы мырза – тұтас түркі миллеті үшін еңбек сіңіріп жүрген аздың бірі. Соқпағы бөлек, әуезі көркем сөз иесін әңгімеге тартқан едік.

Қоғам • 23 Сәуір, 2023

«400 тәтті тақпақ»

Кітапсүйер қауымның ықыласына бөленіп, елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында белгілі қаламгер Баянғали Әлімжановтың «400 тәтті тақпақ» атты балаларға арналған жаңа жинағының тұсауы кесілді.

Әдебиет • 17 Сәуір, 2023

Құлагер шыңы

«Ұлттық поэзияның шыңы – Құлагер» деген ақын ағамыз. Іштен тындық. Ол тұста ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айырыр жаста емес едік. Көз­ге дүлей көрініп, алапат се­зілетін Еуропа ақындары, шетел жазушылары-тын. Әйтсе де, «Құлагерді» оқып шыққанбыз. Ұлттық поэзия ұғымы санаға ізденіс тәжірбиесімен нығырлап бекімеген соң, әрі сөз қуатын қузап түсінер желігі тайпалған ақыл болмағасын «жақсы екен» десіп қойғанбыз.

Әдебиет • 10 Сәуір, 2023

Ләйлә

Қайбір ұлы ақындардың жеке төлқұжатына айналған тақырыптары бар. Петрарканың Лаурасы орта ғасырда туып, бүгінге дейін Еуропа поэзиясының мінберінен түскен емес. Шығыстық символикалық ұғымдармен астасқан Ләйлә тақырыбы болса, бір мысқал құндылығын жоғалтқан жоқ. Ал Жұматай ақынның Ләйләсі... Бұл Шығыс ақындары сарынына ұқсамайды. Бұл нағыз ұлттық қынаптан шыққан, қазақы қоңыр қайнардың бірегей туындысы.

Поэзия • 06 Сәуір, 2023

Рух пен жүрек

Шығыс ақындарына үңілсек, жүрек культін алға шығарады. Жүрек ішінде дүниені шарлап, махаббатқа құлаш ұрады. Руми атақты өлеңінде бүй дейді.

Әдебиет • 03 Сәуір, 2023

Сүгір сарыны

Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» атты кітабы қолға түскелі, күйшілер әлемі ұйықтай қойнауына тартқан. Жазушының қазақы қалың мәнері мен ұлттық қанық бояуы бірден елітеді. Әсіресе күйшілер жайлы көсіп-көсіп жазғанда қазақ болып туғаныңызға қуанасыз. Осынау ұлы халықтың тектілігіне, әзіз жанына бас иесіз.

Қоғам • 02 Сәуір, 2023

Оқырманға жол тартты

Дәстүрлі дініміз бен діліміз – ұлт ұстыны. Иманы берік, салты мығым халықтың рухы биік. Ислам өркен жайған шақтан-ақ бабаларымыз асыл дінімізді ұлттық таным-түсінігімізбен біте қайнастырып, халқымызға ар жолын ұғындырған болатын. Ясауи, Мәшһүр, Абай, Шәкәрім даналығы сөзімізге дәлел, пікірімізге тұздық.

Әдебиет • 30 Наурыз, 2023

Заманды қай жан билемек?

Кеңес үкіметі кезінде «өнімді поэзия» ұраны белең алып, том­­дар саны артты. Саннан сапа өсе ме? Меніңше, жоқ. Формалық сапа­ өсуі мүмкін, бірақ мазмұндық сапы өркендемейді. Бұған ке­ңестік, кейбір еуропалық ақындар шығармашылығы дәлел. Ал хакім Абай бір ғылымнан басқаның бәрін кесел деп тауып, ізденуге бас қойыпты. Тәңірден келген тамаша қуатты ғана өлең етіп қағазға құйыпты. Сондықтан ба екен, «бір өлеңі – бір елдің мұрасындай».

Елорда • 29 Наурыз, 2023

«Көпен келе жатыр!...»

«Сатираның диюы» атанған Садықбек Адамбеков, Оспанхан Әубәкіров сынды алыптар легінің ізін жалғаған Көпен Әмірбек есімі уақыт ағынымен бірге жандануда. Сатираның жілігін шағып, майын ішкен сардар талант соңына классикалық үлгі қалдырып, сара жол салды. Өнер деп сүрген өмір өнегесі кейінгіге сәуле шашып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасары даусыз.

Әдебиет • 28 Наурыз, 2023

Әміре феномені

Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» кітабы – XX ғасырдағы ұлт әнші-сазгерлерінің бет-бедерін айқындар бірегей туынды. Ресейде оқып, шұңғыма білім алған Жұбанов әр өнерпазға тереңнен баға беріп, тебірене сыр шертеді. Әсіресе Әміреге келгенде кітаптың көрігі қызып, оқырманды қоңырсалқын ұйығына тарта түседі.