Әдебиет • 17 Қаңтар, 2023
Оңтүстікке көктем ерте келер еді. Әлсін-әлсін ауа дірдек қағып, ақшулан белдер масатыдай құлпырып сала беретін. Әсіресе он жеті-он сегіз жастағы біздей студент үшін көктемнің келуі мерекемен бірдей еді. Құйқылжыған нәурізек құс айналаны әсем үніне бөлеп, жан дүниеде ақүлпек үміт пен махаббат иірімдері бірге толқитын.
Сұхбат • 16 Қаңтар, 2023
Карин Фельнер: Поэзия – ешқандай шекараға қарамайтын ортақ тіл
Карин Фельнер – қазіргі неміс поэзиясының жарқын өкілі. Қазақстандағы Гете институтының «Grand Tour Zentralasien» атты жобасы аясында Карин ханыммен әңгімелесудің сәті түскен болатын.
Руханият • 13 Қаңтар, 2023
Герберт Спенсер: «Егер адамның білімі жүйесіз болса, көп болған сайын соғұрлым уайым-қайғысын еселемек», деген пікір айтты. Расында, білім алу бар да, оны жүйелеу, ой қорыту, ұлттық менталитеттің диірменіне салып үгіту бар. Мұстафа Шоқай «Отаршылдардың мәдени қаруы» мақаласында Пушкиннің елімізге шектен тыс насихатталып отырғанын қауіпке балайды. Қайраткер: «Орыс халқы Пушкинімен мақтануға хақылы. Пушкин де оған тұратын тұлға. Алайда Пушкин мұралары біздің халқымыздың таным-түсінігіне, рухани болмысына ешбір жанаспайды. Сол себепті оның шығармаларын күштеп аудартып, оның есімін балиғатқа толмаған жас ұрпақтың санасына зорлап сіңіргуге бағытталған большевиктік іс-әрекеттер біздің халқымыздың басына орнаған мәдени және ұлттық бодандықтың ең жарқын белгілерінен басқа ештеңе де емес», деп шарқ ұрады. Иә, XX ғасырда толассыз аударылған орыс шығармалары бір қырынан руханиятымызға алға жылжуға үлес қосса, екінші қырынан ұлттық мінезімізге, дәстүрлі бедеріміз бен әдебімізге едәуір кері өзгеріс әкелді.
Руханият • 11 Қаңтар, 2023
Сурет пен түс – беймәлім сырларды айшықтап, дерексіз құндылықтарды ақылға енгізуші іспетті. Кейбір жаңалықтар түс арқылы ашылса, кейбір суреттер қоғамның ой-санасына әсер еткен.
Әдебиет • 09 Қаңтар, 2023
Бодлер... Ол дәуір тудырған данышпан ойдың ағыны, шеңберге сыймас ғасырдың бұла перзенті. Күнделігінде болашаққа тіл қатып, «Сіздер мені сүю арқылы Сұлулыққа қызмет етулеріңіз үшін, мен барлық қағидаттардан тыс ойлаймын...», деген ой қалдырады. Бодлер дүниенің құбыжық жауыздығы мен асқан сұлулығын қатар көре білді. Ол «қайыршылықтан, аурудан, мелонхолиядан арылудың жалғыз жолы ізденіске деген ынта», деп есептеді. Бар күшін салып мүшесі талғанша оқу мен жазуды әдет етті. 1957 жылы шыққан «Зұлымдық гүлдері» кітабы адамгершілік қағидаттарға жат деп танылып, басып шығаруға тыйым салынды. Білімсіз діндарлар мен ессіз тобырды, тән үшін тағат тапқан, тереңді білмес жатыпішер пенделерді қатаң сынға алды. Бүгінгі әңгіме ақынның «Париждік сплин», прозамен жазылған өлеңдері хақында болмақ.
Әдебиет • 06 Қаңтар, 2023
«Қалқаман-Мамыр»: сирек жанрдағы премьера
Шәкәрім – өткен ғасырдағы ең құпия, ең тылсым есім. Ұлтын ағарту жолында адамдық борыш үшін күрескен қайраткер тұлғаның поэмалары ойлы оқырманның алтын қазынасына айналды. «Астана Опера» театрында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасы желісі бойынша жазылған «Қалқаман – Мамыр» ұлттық опера-балетінің премьерасы өтті. Композитор Балнұр Қыдырбектің музыкасымен әрленген қойылым 28-29 желтоқсанда көрерменге жол тартты. «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин болса, қоюшы режиссер – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров.
Руханият • 04 Қаңтар, 2023
Әдебиетте әркімнің өз орны бар
Адам болмысының күрделі қырларын, ұлт бедерін айшықтаған шығармалардың авторы – Төлен Әбдік есімі оқырманға етене таныс. Сексеннің сеңгіріне толған мерейтойы тұсында жазушыны әңгімеге тартқан едік.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
Ымырт үйірілген шақта немесе айнала тыныштық құшағына оранып, түн қойнауында ондық шамның түбінде отырғанда; көңіл іші алабұртып, елегізіп әлдене іздеп аласұрғанда, жан құмары бөгде кеңістікті іздеп, өзінде жоқты бармен толтыруға ұмтылғанда шынайы оқырман қолға поэзия кітабын алады. Егер сол кітап Генрих Гейненің өлеңдері болса, онда оқырман жүрегі діттеген мақсатына бек жетер деп ойлаймыз.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
«Сұрасаң біздің ауыл Пістеліде»
Автобиографиялық жанрдағы кітаптар шынайылығымен, қалтарыс-бұлтарыстағы автордың шешімтал көзқарасы, қайталанбас сезімімен жанды баурайды. Қаламгердің жеке өмірін қаузап, сырттай бақылап қағазға түсірген еңбегі оқырманға қызықты әрі шытырман. Толстойдың «Балалық шағы» мен Гетенің «Өз өмірімнен: Поэзия мен шындығы» – әлем әдебиетінің асыл жауһарлары. Ал отанымыздағы Мұхтар Мағауиннің «Мен» романы және Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүниесі», Әзілхан Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» романдары жеке тақырыпқа жүк. Мархабат Байғұттың «Ақтолғай» автобиографиялық эсселер жинағы – жазушы өмірінің сан түрлі қатпарларынан тіл қатқан құнды шығарма.
Сұхбат • 24 Қараша, 2022
Роза Айтматова: Ағам ақырғы рет Алматыдан хабарласты
Болмысы биязы, әдепті, инабатты Роза Айтматова сөз арасында тоқтап, ойланып сөйлеп отырды. Әкесі, анасы жайлы айтқанда көз жиегіне көлкіген жас төгілуге шақ тұрды. Бейне бір жазушының кейіпкерлері секілді сезімтал, артық сөзден ада. Атақты Шыңғыс Айтматовтың қадірлі қарындасымен әңгімелесудің сәті түскен еді.