Әдебиет • 10 Шілде, 2022
Ерте кезде, ерте емес-ау, біздің жыраулар өмір сүрген тұста, Фудзи тауы етегінде, құз-қиялар аңғарында, топ жидек пен гүлшоғырлар арасында Басё деген ақын ғұмыр кешіпті. Жалт еткенге жан беріп, мөлт еткенге жас алар көңілшек екен. Өзі ширақ, өлең-сөзге жүйрік, бұйығы, томаға-тұйық болса керек. Әрине, сырдаң көңілге қалай сыр қонсын, сырғақ кеудеге қайдан кие ұяласын.
Елорда • 06 Шілде, 2022
Егер әр қаланы жеке адам ретінде қарасақ, онда елорда жас мөлшерімен бозбала болып танылар еді. Қаншама ұрпақ мойнына бұршақ салып тілеген, әрбір тамыры үшін бабалары шаһит кешіп жаннан түңілген шежірелі бозбала. Рухында үміт пен сенімнің, мехнат пен арпалыс жолдың табы қалып ерте есейген бозбала.
Қоғам • 05 Шілде, 2022
Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Қырғыз этномәдени бірлестігімен қосылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында жастарға арналған «Болашақты басқарыңыз» атты іс-шара өткізді.
Медицина • 04 Шілде, 2022
Дәрігерлер – қоғамдағы адамдардың денсаулығын күзетіп, мемлекеттің алға жылжуына үлес қосушы бірден-бір мамандық иелері. Дәрігерлік сала тек іспен емес, сөзбен де терең тамырласып жатады. Өйткені «дәрігер науқасты жартылай іспен емдесе, жартылай сөзбен емдейтіні» талассыз ақиқат. Алайда кейбір науқастардың ақ халатты абзал жандардың салыңқы қабағы мен тұнжыр, немқұрайды көзқарасынан дертіне дерт қосып, көңілі жараланып жататынын да естиміз.
Әдебиет • 04 Шілде, 2022
Тоғай-тоғай су екен, судан ұшқан бу екен. Қарсақ жортпас қалың екен, түлкі жортпас түлей екен. Әлқисса, Кішкентай ханзада екеуміз ұшы-қиырсыз жолға шықтық. Мен де, ол да ұшуды арман еттік. Барлық жаратылыс атаулы жұмбақ, құпия, дымын ішіне тартқан түнгі теректердей көрінетін. Әр ғаламшарға сапар шегіп, әр адамның жан сарайына үңілдік.
Медицина • 30 Маусым, 2022
Медициналық пойыз – Жетісу облысында
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Жетісу облысының тұрғындарын Айнабұлақ стансасында қабылдай бастады. Одан әрі пойыз 1-2 шілде аралығында – Көксу, 3-4 шілде – Егінсу, 5-6 шілде – Бескөл, 7-8 шілде – Жайпақ, 9-10 шілде Достық стансаларына барады. Медициналық пойыздың тәжірибелі мамандары жергілікті тұрғындарға мамандандырылған вагондарда тегін медициналық көмек көрсетеді.
Қоғам • 30 Маусым, 2022
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетіледі
Жақында «Қазақстан Халық партиясы» депутаттық фракциясының дөңгелек үстелінде мүгедектігі бар балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды құқықтық және әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелері қаралды.
Қоғам • 29 Маусым, 2022
Қазақ «ұйқы – кіші өлім» деген. Күзде қурап жерге сіңіп, көктемде қайта жаңаратын табиғат сынды қалыпты ұйқы бойға бекем қуат дарытады. Ұйқыны өлімге балау, өзге халықтарда да кездесіп жатады. Мәселен, ежелгі грек мифологиясында ұйқы құдайы Гипнос пен өлім құдайы Танатос егіз болған деседі.
Қазақстан • 28 Маусым, 2022
Қазақ шипагерлік өнері ерте кезден дала заңдары арқылы көрініс тауып отырды. Аспанда жұлдызға қарап жер осін болжап, төрт түлік мал арқылы ауа райын анықтаған ата-бабаларымыз медицина саласын да қамтусыз қалдырмаған.
Медицина • 21 Маусым, 2022
Бүгінде Қазақстанда күн сайын 200-ден астам адамға кардиохирургиялық операция жасалады. Отандық дәрігерлер жылына 76 мыңға жуық сырқатты ажалдан арашалайды. Осы тұрғыда жүрекке операция жасау ісіне қомақты үлес қосып жүрген мамандардың бірі – Бегылан Стамбол.