Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
287 материал табылды

Әдебиет • 04 Қазан, 2022

Көңіл арбаған кеңістік

Өмірде кейбір құбылыстар тосыннан жалт етіп, санада бөгде бір терезе ашатыны бар. Сол шақта осы уақытқа дейінгі өмірің білместікпен босқа өтіп, өмір сүруді енді ғана бастағандай жаңарып, жаңғырып қалатын сәт туады. Бұл шуақты, парасатты құбылыс он бес жасымызда өмірімізде орын алыпты. Күнделігімізге тосаң оқиғаны сүйіншілей қуанып, Ақберен Елгезектің поэзиясын оқуға зердеміз жетті деп мақтана жазыппыз.

Әдебиет • 30 Қыркүйек, 2022

Парасат биігі

Отаршылдық етігінің өкшесі арқаға батып, айды алақанмен жабуға ұмтылған қияс заманның кебі туған. 1868 жылы жарияланған «Жаңа низам» туралы ережеден соң, әртүрлі бағытта ұлт жады мен рухын сөндіруге сыртқы күштер жұмсалды. Ахлағы мен әдебі бұлжымаған, «арым жанымның садағасы» деген қазақты «сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру» саясаты және діні мен діліне қойылған сан түрлі тосқауылдар арқылы күйрету науқаны басталды. Ұлт жаны талқыға түскен зауал уақытта Тәңірі қазаққа Әуезовтей елші жіберіпті.

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2022

Парасат майданы

Бала күні оқыған әлдебір Ливан жазушысының «Керең» атты әңгімесі еске түседі. Керең адам балтасымен үздіксіз ағаш діңгегін шауып жатады. Бірақ құлауға айналған ағаш сықырын естімейді. Шаба береді, шаба береді... Ақыры алып ағаштың астында қалып мерт болады.

Өнер • 26 Қыркүйек, 2022

«Әселім» әні

Әлқисса, жақын күні алпамса Арқа төсіне сапарлап, көз жетпес кеңістікке көз суа­рып, салқар дала иісімен кең тыныстағамыз. Ұшы-қиырсыз көсілген арқар жондар мен түйеөркеш дөңдер, адырна іспетті балуан адырлар состиып тұра қалған. Кенет құлаққа «Арқа аруы» атты әуелеген, жүректі езіп, жанға шоқ лақтырар ән шырқалып қоя берді. Бақсақ, орындаушысы – аңызға айналған Игілік Омаров. Әннің авторы – Илья Жақанов екен.

Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2022

Қос қайраткерге құрмет көрсетілді

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Құлбек Ергөбек «Түркістан облысының құрметті азаматы» атанды.

Руханият • 18 Қыркүйек, 2022

Әл-Фараби. Бақыт хақында

Данышпан қауымы адам баласына өз аралын, кеңістігін қалдырды. Сол кеңістігі арқылы ізгілікке, Құдай қақпасына қарай жаңа жол салды. Бұл жолдар көптеген адамға шамшырақ болды, темірқазық іспетті бағыт сілтеді. Ясауи жолы, Сағдидың гүлстаны, Асанқайғының жерұйығы, Абайдың имани гүлі, Шәкірімнің ар ілімі – мұның бәрі рухани әуеге салынған сара жолдар.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2022

Шәкәрім сауалы

«Айқап» журналында 1912 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бі­лім­­ділерге бес сауал» атты еңбегі жа­рық көргені белгілі. Бүгін біз ірі тұлға­ның бесінші сауалы жөнінде аз-кем тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Сұхбат • 11 Қыркүйек, 2022

Зиябек Қабылдинов: «Ахаңды әлем танитын уақыт келді деп ойлаймын!»

Жеке адам жанынан, отбасы тұғы­рынан маңызды орын алу бар да, сонымен қатар тұтас ұлт руханиятының шежіресіне сара жол салу бар. Ахмет Байтұрсынұлы сондай күрделі тұлғалар сапы­нан. Уақыт өткен сайын Байтұрсынұлының білім мұнарасы биіктеп, елшіл мұ­расы темірқазыққа айналды. Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Қабылдиновпен әңгімелескен едік.

Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2022

«Аq jol»-дың ғасырлық жолы

Қадау-қадау заманалар көшінде ұлттың жанын, елдің руханиятын күзеткен зиялы, бағаналы ордалар – басылымдар болатын. Қай газет-журнал болсын ел тағдырына құраласып, іргесіне атпал азаматтарды топтастырды. Сол салқар көштің легінен табылған, тарихы шұңғыма терең, шежірелі басылымдардың бірі – «Аq jol» газетіне биыл 100 жыл толып отыр.

Өнер • 05 Қыркүйек, 2022

«Япурай» әні

Естігенде еміне еліктіріп, буы тұла бойды ерітетін әсерлі, өрнекті әндер болады. Сол әннің бірі һәм бірегейі – «Япурай». Әннің шығу тарихы жөнінде пікірлер сан-саққа таралып, әртүрлі жорамалдар айтылып жүр. Белгілі музыка зерттеушілері мұнда ежелгі түркі-моңғолдық сарын бар десе, кейінгі кезде әнді Мағжан Жұмабаевқа телушілер басым.