Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
287 материал табылды

Әдебиет • 19 Мамыр, 2022

Талант пен талап

Ескі заманда Герируд өзенінің бойында әлдебір суретші ғұмыр кешті. Жан баласын жатырқамай, табиғат ананың Тәңірлік әсемдікпен шағылысқан тұмса сипатынан нәр алған еді ол. Геродот жазбасында «Орта Азияның астық толы кәрзеңкесі» деп аталған Герат қаласы бұл тұста ілім-білімнің қайнар-бұлағына айналып үлгерген-тін. Суретші Кәмеледдин Бекзат осы алқапта кірпияз һәм асқақ өнер тудырып, кейінгі ұрпақ тілімен «Шығыстың Рафаэлі» аталды. Сірә, талантты адамға Құдай тағала майы­рылмас талапты қоса беретін болса керек. Дүниенің таса қалған сырларына құмартып, бар өмірін шарқ ұрып жұмбақ жолды іздеумен арпалысқан талант атаулы содан да мазасыз, өзіне көңілі толудан ада.

Медицина • 18 Мамыр, 2022

Қан қысымы «жасарып» барады

Кейінгі уақытта қан қысымы ауруы «жасарып» бара жатқаны байқалады. Қоғамда әртүрлі топ өкілдері қан қысымының жоғарылап не түсіп кеткені жайлы емін-еркін әңгіме ететін жағдайға жетті. Өрімдей баладан еңкейген қартқа дейін бұл күйді кешуі қалыпты дүниеге айналып барады. Бұған не себеп?

Медицина • 17 Мамыр, 2022

Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

Орфандық аурулар – балаларда, ересектерде сирек кездесетін аурулар. Қазіргі таңда жаһанда 7 мыңға жуық сирек кездесетін ауру түрлері бар. Ал Қазақстанда бұл аурулар 10 мың адамға 1 жағдайдан тіркелген. Елімізде 40 мыңнан астам адам сирек кездесетін аурумен ауырады, оның 80 %-ы генетикалық сипатқа ие.

Білім • 16 Мамыр, 2022

Тарихы терең білім ордасы

Мектеп – парасат пен кемелдікке бастайтын қақпа. Мектеп – ертең мен бүгінді жалғайтын білім ошағы, сәулелі болашаққа апарар кеме. Елімізде қазіргі таңда есепсіз білім ордалары салынып, ұрпаққа жаңаша бағытта білім таратуға атсалысу үстінде. Ақмола аймағы ерте кезден-ақ ағартушылық бағытқа шындап ден қойған өңір. Оған куә – Жамбыл атындағы №4 мектеп гимназиясы.

Медицина • 13 Мамыр, 2022

Білікті дәрігерлер тәжірибе алмасты

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығында Surgical oncology атты шеберлік сабағы өтіп жатыр. Іс-шараға 4surgeonsclub хирургиялық онкология мектебінің негізін қалаушылар, спикерлер шақырылған.

Медицина • 13 Мамыр, 2022

Дәрі-дәрмек: Отандық өнімнің үлесі қандай?

Жаһанды жайлаған пандемия кезінде елімізде науқастарға маңызды көмек көрсетілгенімен, бірқатар түйткілді мәселенің де ұшы қылтиғаны белгілі. Соның көш басында отандық дәрі-дәрмек өндірісі тұр. Дертке дауа, жанға шипа болатын дәрі-дәрмек болмаса, сырқаттан дер кезінде сауығу мүмкін емес. Шынында, аталған саладағы тапшылықты қалай жоюға болады? Бұл үшін қандай жұмыстар атқарылуы қажет?

Әдебиет • 04 Мамыр, 2022

Жүрек сұлтаны

Жер жаралғалы адамзат баласы бас қатырған ортақ құндылықтар сарқылған емес. Жаратушының адамдарға, табиғатқа, ғаламға жасырған қазыналары саналы адамның жұмбағына айналды. Әр ғасырда еркін ойлы перзенттер дүниеге келіп отырды. Мәселен, б.з.б. 528 жылы Будда ілімі тараса, б.з.б. 525 жылы Пифагордың математикалық мектебі құрылды. Б.з.б. 479 жылдары Конфуций ілімі өрістеп, 1399 жылы адамзатты өзін тануға шақырған дана Сократ көз жұмды. Аталған тұлғалардың барлығына тән бір ынтықтық болса, ол – өзін білуге деген құмарлық болатын.