Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
287 материал табылды

Мереке • 22 Наурыз, 2023

Наурыз жыры

Қыс көрпесін серпіп, күнжүзді шуағымен келген наурыз айы жанға қуат сеуіп, тіршілікке тыныс берері айқын. Кісінің жас шағындай жайраңдаған мезгілде жер масаты көйлегін жамылып, ағаштар гүлін тағынады. Жаратушының шеберлігі әр тұстан көрініп, көңілде шаттық пен ерке наз ойнайды.

Әдебиет • 15 Наурыз, 2023

Ер Едіге

Қилы-қилы заман екен, заман көркі адам екен. Жер қайысқан Дешті Қыпшақ әскері кең сахараны билеп, кемеліне келген тұсы екен. Жанған оттың сөнер кезі, атылған жебенің қайта төнер кезі болмас па? Алты құрлыққа айбатын шашқан Алтын Орда ыдырап, түркі халқы жеке хандықтарға бөлінді. Белі бүгілді, беделі қашты. Осы тұста атадан асып туған ер Едіге аймаңдай империяның жоқтаушысына айналды, қайта күш біріктіруді көкседі.

Әдебиет • 07 Наурыз, 2023

Ақбілек сұлу

XX ғасырда қазақ жазушылары көтерген «әйел теңдігі» мәселесі ауқымды тақырыпқа айналды. Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов бірігіп жазған «Адамдық негізі – әйел» мақаласында: «Әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» деп ұлтқа үндеу тастады. Сол тұста дінді дұрыс түсінбеген әм түсіндіре алмаған дүмше молдалар себебінен әйелдер дәрменсіз, орайы келсе сабап алуға болатын, мал сау­дасын үдетер тиімді зат секілді дәрежеге түсті. Жеке құқықтары аяққа тапталды. Бұл жайлы «Қалың мал», «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі», «Ақбілек» секілді шығармаларда жазылған болатын.

Тұлға • 01 Наурыз, 2023

Ай таранған түн

Алақанымен айды қалқаламақ болған қан-қасап замандарда рухани ұлт-азаттық көтерілісшілер, аспан тектес рухымен қара түнекті қақ тілген дарабоз тұлғалар дүниеге келді. Тарих толқыны алай-дүлей теңселген тұстарда ақын-жазушылар алғадай болып, ел еңсесін тіктеп, алып қуатын оятып отырды. Желтоқсан алауының тұтануына себеп болған, жас жүректерге ұлтшылдықтың маздақ отын жаққан да рух шырақшылары болатын.

Поэзия • 01 Наурыз, 2023

Махаббат ақыны

Француз поэзиясы – толассыз дүмпу мен жарылыстар мекені. Қайбір жаңалықтың түбірі француз ақындарымен жалғасып жатады. Символизм жанрын қалыптаған Бодлер, сюрреализм жанрының алғашқы қарлығашы Аполлинер сөзімізге айғақ. Осы тізбектен өлеңсүйер қауымының жүрегін қаритын, бірде асқан романтик, бірде жындысүрей, бірде ұлтты сүюдің таңбасы іспетті Аполлинер есімі бөлек.

Әдебиет • 28 Ақпан, 2023

Алаштың жарық жұлдызы

Мағжан – өлең, Мағжан – ғұмыр. Тұтас өмірін ұлт жолына, ұлт әдебиетіне арнаған рухты ақынның әр жыры маздақ жалынға, қанжардай өткірлікке толы. Түркінің тік шаншылған найзасы іспетті асқақ рухы бойды толқытып, ойға құнар себері анық.

Сұхбат • 28 Ақпан, 2023

Өзіңді табу, өзіңді тану – адамдық мұрат

Жанат Әскербекқызының жырлары санада естеліктер кенішін оятып, алысқа құлаш ұрғызады. Ақынмен «Миф-о-поэзия» кітабы жөнінде әңгімелесудің сәті түскен болатын.

Руханият • 26 Ақпан, 2023

Бейбарыс сұлтан есімі ұлықталды

Дала тарихы – мыңжылдық шежірені ішіне бүккен тылсым тарих, тұғырлы жылнама. Қойнауы кеніш, алабы айқасқа ескерткішке толған ұлы даланың ашылмаған жады, айтылмаған сөзі орасан. Бейбарыс сұлтан есімі – сол құдіретті ұлағаттың тасқа таңбаланған бір көрінісі.

Әдебиет • 21 Ақпан, 2023

Аягүл

Адамзат жаралғалы асу-асу белдердің аңқасы кеуіп, адыр­ларға ат ізі түсіпті. Мұ­­хит тү­біне жұтылған ке­ме­лерді мүк ба­сып, аралға жасын құлапты. Уақыт тоқ­тап тұрыпты, адамдар кө­шіпті. Сол лек ішінде Құ­дайдың бұйрығымен қағілез сары қыз дүниеге келіпті. Қазақ болып жаралыпты. Ең қызығы, ең нәубеттісі Жаратушы пәр­мені­мен талант атты алып қуатт­ы ар­қалап туыпты.

Әдебиет • 16 Ақпан, 2023

Алхимик

Пауло Коэльо шығармалары Шығыстың жынысты шатқалдарын, лабиринт толы бұғаздарын еске салады. «Мың бір түн» ішіне енгендей, ескі қорымдарды іздеп шыққан жолаушыдай алабөтен сезімді бастан кешесіз.