Өнер • 28 Тамыз, 2024

Ұлттық үлгідегі қуыршақтар

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жаңа дегеніміз – ескінің түрленуі» дейді данышпандар. Ал ұлттық құндылықтар, дәстүрлі қазыналар ешқашан бағасын жоймақ емес. Қазақтың ұлттық брендтері елімізде ғана емес, өзге мемлекеттерде де сұранысқа ие болып отырғаны – сөзімізге тұздық, пікірімізге дәлел.

Ұлттық үлгідегі қуыршақтар

Қазақша киімдегі этно қуыр­шақтар Ресейдің Киров қаласында біршама уа­қыттан бері шығарылады. Бүгінде қамзол мен сәукеле киген қыз бен шапан, тақия киген ұл қуыр­шақтар Ресей дүкендерінде сұранысқа ие. Мұның дәлелі, көп­теген дүкеннен қазақы киім ки­ген қуыршақтарды кездестіруге болады.

– Фабрикамыздан бір ғана қазақ ұлттық киіміндегі қуыршақтар емес, өзге ұлттардың киім үлгісіндегі өнім­дерді де шығарып отырмыз. Қазір­гі таңда қызу жұмыс жалғасын тауып, киімдердің түр-түсі мен тұтыны­латын маталарға аздап өзгеріс ен­гіздік. «Этно» атты топтамамызға өзге елдердің мәдени ахуалымен та­нысуға, олармен достық қарым-қаты­насты нығайтуға бағытталған оқыту жүйесі болғандықтан, арнайы балабақшалардан сұраныс көптеп түсіп отыр. Әрине, балалар үшін қуыр­шақтар арқылы өзге елдің дәстүрі мен мәдениетіне қанығу әлдеқайда тиімдірек екені даусыз, – дейді ойын­шықтар фабрикасының жетекшісі Татьяна Кашина.

Фабрикадан шығатын арнайы 400-ге жуық қуыршақ түрлері болса, олар арқылы 30-ға тарта ұлттық киім үлгілері насихатталып отыр. Жылына өндірістен миллионға жуық өнім шығып, тұтынушылардың қызығушылығы арта түсті. Оның ішінде «Эли» мен «Марат» аталатын қа­зақша киінген қуыршақтардың бей­несі жақында ғана түбегейлі жа­ңарудан өткен.

Қуыршақтар фабрикасының бас директоры Ольга Доротюк ұлттық құн­дылықтардың маңызын атап өтті.

– Қазақша қуыршақтарға қы­зығушылық білдірушілер үшін жақын­да жаңа топтамамыздың тұсау­кесер рәсімін өткіздік. Олардың ерекшелігі – қазіргі заманауи ұлттық киім үлгілерімен жабдықталған. Елімізде қазақ, өзбек, Кавказ халықтары мол бол­ғандықтан, өнімдеріміз орыс халқы­на және балалар арасында кеңі­нен танымал, – дейді ол.

Фабрикада жаңа үлгідегі өнімдерді безендіруге суретшілер мен арнайы дизайнерлер жұмыс жасап отыр. Дәстүрлі қазақша киімдегі қуыр­шақ­тарға сұраныс өскендіктен, бүгінде заманауи үлгідегі өнімдердің саны артып келеді.

Соңғы жаңалықтар