Таным • 11 Мамыр, 2024
Сурет – үнсіз хабаршы, сурет – ескіден сыр тасушы. Әр тұстан табылған көне суреттер санамызда жаңа кеңістік ашып, ойымызды байытады. Әсіресе мәдениет пен әдебиеттегі алыптарымыздың бізге жеткен жарқын бейнесі таптырмас құндылық.
Әдебиет • 15 Сәуір, 2024
Шынайы қазақ қаламгерінің жаны бірде «Қосбасарға», бірде «Сарыарқа», бірде «Сарыжайлауға» ұқсас. Бір қызығы, ұлттың қоңыр жаны кескекті ердің сойындай бұрқанып, мұхиттай кемерінен тасыса да қанға сіңген ар қағидатынан, ұят шекарасынан тысқары шықпайды. Жат жұрт мінезінен жұққан дарақылық, даңғой дүмбілездік оған жат.
Таным • 09 Сәуір, 2024
Өмір деген тұңғиықтың түбінде жүрген әр жан лабиринт секілді тарам-тарам тылсым түріне куә болады. Бақсақ, адам өмірінің көп бөлігі ой арқылы, ой жайлауында өтеді.
Көрме • 08 Сәуір, 2024
Жұрт көрмегенді көңілмен оқитын суретшілер қауымы ел рухының шежіресін кескіндеп келеді. Қарт тарихтың түбінен сыр қозғаған сара таланттар әр құнды сәтті болашақ сарайына тасушы көпір іспетті.
Әдебиет • 04 Сәуір, 2024
Сырбаз ақын Сырбайдың сыршыл жыры ерте кездің ақтұма күміс қоңырауындай. Алғашқы бүр ашқан сезімдер аңсарындай, алғашқы іңкәрлік қуатының күшіндей. Болмысы жазира далаға ұқсас шаңқанбоз дарын желді күнгі қайыңдай сыңсып тұрады, толғап тұрады.
Әдебиет • 04 Сәуір, 2024
Өмірге келген дарынды адам ерте күннен-ақ басын тауға да, тасқа да ұрып ізденері хақ. Сол бір тынымсыз ізденіс үстінде Руми болып ұйықтап, Байрон болып оянып, сан түрлі көңіл күйді бастан кешіреді. Сүрінеді, адасады, соңында алдынан бір мұзарттың сұлбасы мұнартады. Ол – ұлттық мұзарт, аласармас ұлттық биік.
Таным • 27 Наурыз, 2024
Әл-Фараби «мінез – жан айнасы» деді. Қазақы ұғымда мінезі жақсы адамды «ішіне кеме жүзетіндей кең», «мінезі төр жайлаудай», «көңілі көлдей шалқыған жан» деп әспеттеп жатады. Шынында, мінез адам тағдырына тікелей әсер етуші күшке ие.
Руханият • 22 Наурыз, 2024
«Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа»
Поляк саяхатшысы А.Янушкевичтің жазбаларында қазақ ерлерінің алып тұлғасы әрі «бірі Цицерон, бірі Демосфен секілді» сөзге ділмарлығы айқын суреттеледі. «Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял, Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?» деп Мағжан жырлағандай, қазақ баласының түр-тұрпаты әуелден-ақ бұлттай биік, таудай маңғаз.
Архив • 19 Наурыз, 2024
Ұлттық архивте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, прозашы, сазгер, ақын Қадыр Әлімқұловтың жеке тек қоры ашылды.
Мәдениет • 19 Наурыз, 2024
Ұлттық киім күні – руханиятымыз үшін келелі оқиға дер едік. Ал ұлттық нақыштағы киімдерді өмір салтымызға енгізу – елдік сезімімізді асқақтатар бірден-бір үрдіс. Баба жоралғысын сақтау арқылы ұрпақ санасы дәстүрмен үйлесім табары сөзсіз.