Үкімет • 18 Наурыз, 2020
Дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары талқыланды. Сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы қаралды.
Әлем • 18 Наурыз, 2020
Пандемия тұралатқан туризм саласы еңсесін қалай тіктейді?
Жаһандық экономиканың «тағдыры» коронавирустың таралуына немесе тежелуіне айтарлықтай тәуелді болып тұр. Әлемдегі аса ірі держава Қытайдың қысылтаяңға тап болғаны, дамушы, тіпті дамыған елдерді тығырыққа тіреп, аса маңызды табыс көзіне айналған туризм саласына соққы болып тиді. Дүниежүзілік сауда ұйымы келтірген мәлімет бойынша 2018 жылы қытайлық туристер әлем елдеріне 150 миллион-ға жуық саяхат жасаған. Соңғы мәліметке сүйенсек, халықаралық туризмдегі шығындардың жалпы сомасы 1,7 трлн доллар. Саяхаттау үшін қалтасындағы қаражатын аямайтын қытайлықтардың үлесіне әлемдік шығынның 16%-ы тиесілі екен. Биылдан бастап туризм саласындағы ахуал күрт өзгерді. Эпидемия салдарынан қытайлықтар шығатын сапарлар саны 25 млн-ға азаюы мүмкін деген болжам бар. Салдарынан әлемдік туризм 73 млрд доллардан қағылғалы тұр.
Экономика • 16 Наурыз, 2020
Елордада кезекті халықаралық мамандандырылған Agritek-Farmtek ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті. Дәстүрлі іс-шара осымен он бесінші рет ұйымдастырылғанын айта кетейік.
Қазақстан • 15 Наурыз, 2020
Елордада ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Елордада кезекті халықаралық мамандандырылған Agritek-Farmtek ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті. Дәстүрлі шара осымен он бесінші мәрте ұйымдастырылылғанын айта кетейік.
Саясат • 03 Наурыз, 2020
Қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары талқыланды. Сондай-ақ сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды.
Қоғам • 02 Наурыз, 2020
«Самұрық-Қазына» бәсекелестік ортаға басымдық береді
Отандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Samruk Business Forum» барысында кеңінен сөз болды. Бизнес өкілдерінің ортақ алаңына айналған жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен отандық компаниялар арасында құны 34,8 млрд теңгені құрайтын келісімге қол қойылды.
Қоғам • 28 Ақпан, 2020
Елордалық оқушылар тегін жүреді
Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Бұл туралы кеше «Astana LRT» ұйымдастырған көрме-конференцияда айтылды. Жиында бас қаланың көлік компаниясы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Экономика • 28 Ақпан, 2020
Дәстүрлі инвестицияның десі артты
Коронавирустың кесірі әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіруде. Әсіресе инвестициялық ахуалды тамыршыдай дөп басып айту мүлде мүмкін болмай қалды. Ірі компаниялардың өзі іркіліп, акциялары құнсызданып барады. Таяуда Apple-дің Қытайдағы зауыттары бір аптаға жабылып, салдарынан компания тоқсандық көрсеткіші кемігенін мәлімдеді. Adidas та дүкендерінің уақытша жабылып, тарифтерінің төмендегені туралы хабарлады.
Үкімет • 19 Ақпан, 2020
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралып, электронды сауданы дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар бюджет шығыстарын қысқартуға қатысты баяндама оқылды.
Президент • 07 Ақпан, 2020
Әлеуметтік кәсіпкерлік қолдауға зәру
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында бұл саланың ахуалы мен оны әрі қарай дамыту перспективалары талқыланған болатын. Әлеуметтік кәсіпкерліктің күнгейі мен көлеңкесін кездесуде кеңінен жеткізген «Best for kids» қоғамдық қорының вице-президенті Эмин ӘСКЕРОВ бізге сұхбат беріп, алған әсерімен бөліскен еді.