Серік ӘБДІБЕК
Серік ӘБДІБЕК«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Қазақстан • 03 Мамыр, 2019

Бірліктің өнегелі үлгісі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада кең көлемде атап өтілген 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты. Мамырдың алғашқы мамыражай күнінде Қазақ елі монументінің алаңына жиналған астаналықтар мен қала қонақтарының қарасы көп болды. Ұлттық мәдени орталықтардың қызылды-жасылды киінген өкілдері тойдың көрігін қыздырып, ән салып, би билеп бірліктің өнегелі үлгісін көрсете білді.

Қазақстан • 01 Мамыр, 2019

Президенттік сайлауды 3000 заңгер байқайды

Елімізде маусым айына белгіленген президенттік сайлауды барлық аймақта 3000-ға жуық заңгер байқап отырмақ.

Қоғам • 01 Мамыр, 2019

Тұрғын үй мұқтаждығын өтейтін заң қабылданды

Кеше Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Парламент депутаттары әзірлеген тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша заң қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының съезінде және Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде көп балалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Саясат • 29 Сәуір, 2019

Елбасы әлемдік диалогтың жаңа форматын ұсынды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптаның соңында Қытай астанасы – Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Саясат • 26 Сәуір, 2019

Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» 2-ші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсімінде 1990 жылдан бері жаңа Жібек жолы – Еуразия тұжырымдамасын жаңғыртуға көптеген ұмтылыстардың болғандығын атап өтті. Алайда көптеген себептерге байланысты бұл жобаларды жүзеге асыру мүмкін болмаған. Оған қоса, әлемдік қоғамдастық жаңа бастамаларға дайын болмаған.

Қоғам • 02 Сәуір, 2019

Қарулы Күштер қатары 35 мың сарбазбен толығады

Биыл елімізде қысқа мерзімдік әскери қызметке 35 мың адам қабылданады. Олардың ішінде 17 мың адам – көктемгі, 17500 адам күзгі уақытта әскер қатарына шақыртылмақ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Ардақ Кукатов мәлімдеді.

Өнер • 10 Қараша, 2018

Ұлттық ұланда Денис Тенді еске алып, әкесіне Дениске тиесілі марапатты табыстады

Денис Тен Қазақстан Республикасы ІІМ басшысы полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың  бұйрығымен  «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін»  медалімен қайтыс болғаннан кейін   марапатталды. Бүгін Алматыда марапатты мәнерлеп сырғанаушының әкесіне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқытық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов табыс етті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.