Қоғам • 06 Тамыз, 2019
Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару туралы ұзақмерзімді келісім-шартқа қол қойылды. Дәлірек айтқанда, «Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығару туралы және техникалық қызмет көрсету жөнінде «Elbit Systems Ltd.» (Израиль) компаниясымен келісімшарт жасасты.
Парламент • 05 Тамыз, 2019
Парламент Сенаты депутаттарының аймақтарда халықпен кездесулері аясында ел ішіндегі ең өзекті мәселелер талқыланып жатыр. Сенаторлар аталған жүздесулерде Елбасының жолдаулары мен Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларынан туындайтын маңызды міндеттерді іске асыруға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Сенаттың заң шығару қызметі, соңғы сессияда қабылданған заңдар туралы көпшілікті хабардар етіп келеді.
Қоғам • 05 Тамыз, 2019
Халықаралық армия ойындары басталды
Мәскеу облысының «Алабино» полигонында V Халықаралық армия ойындары – 2019 сайысының ресми ашылу рәсімі өтті. Биыл ойындар тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында 10 мемлекеттің 21 әскери полигонында, Каспий, Балтық теңіздері мен Парсы шығанағының су айдындарында өтеді.
Қоғам • 05 Тамыз, 2019
Бейбітшілік ұстаным биікке шығарады
Елордамызда екі күн бойы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесудің кезекті 13-ші келіссөздер раунды өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт саясаты мен халықаралық аренадағы мәмілегер ұстанымына сенген қақтығысушы тараптар біздің елордамызда келіссөз өткізуді құп көргені белгілі. Бұған Сирия дағдарысы мен қарулы қақтығыстардың тоқтатылуына мүдделі халықаралық қоғамдастық пен кепілгер елдер түгел келісіп, Астана процесі ең маңызды алаңдардың біріне айналғаны рас. Әрине еліміздің бұл мақсаттағы ізгі қадамдары гуманитарлық сипатқа ие, оның ішінде бейбіт халықтың амандығын, тыныштығын сақтауға бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін көздейді.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Жемқорларды жазалауда жеңілдік жоқ
Мемлекет басшысы өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басымдық беріп отыр. 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілген.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Билет тапшылығы: лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту ұсынылды
Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) билетсіз жолаушыларды алып жүруге және билеттерді сату тәртібін бұзуға жол бермеу үшін қолданыстағы заңнамаларға өзгеріс енгізуге бастамашылық танытуға ниетті. Бұл жөнінде министрлік ресми мәлімдеме жасады.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Жолаушы сенген жолсерік қылмыскер болса...
Өткен жылдың қыркүйек айында «Нұр Сұлтан-Нұрлы жол – Ақтөбе» бағытындағы №98 жолаушылар пойызында болған зорлау оқиғасы бойынша Қостанай қалалық №2 сотында үкім шықты. Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылған жолсеріктер Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Ай мен күннің аманында пойызда қаннен-қаперсіз келе жатқан жолаушының зорлануы қоғамның наразылығы мен ашу-ызасын тудырды. Ал қорланған жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсауға да әрекеттенген.
Әлем • 29 Шілде, 2019
Ядролық қару деректері неге құпия?
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған ядролық қару иелену жанталасы қазір бақталасқа ұласып кетті. Сол бәсекеде үстем шыққан атом бомбасын жасап, ядролық оқтұмсықтардың санын көбейтуге ұмтылды. Бастапқыда бұл жойқын қару тек қарсыластың әкімшілік және әскери-өндірістік орталықтарын, ірі әскери-теңіз және авиациялық базаларын жоюға арналғанымен, қазір ол тіршілік атаулыны тып-типыл ететін қуатқа ие.
Қоғам • 26 Шілде, 2019
Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші
Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында жастармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу – өте маңызды міндет. Бұл жұмысты Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша мүдделі органдарға міндеттеді.
Әлем • 25 Шілде, 2019
Өткен сейсенбі күні Ұлыбританияда Консервативтік партия көшбасшысы сайлауының екінші, шешуші кезеңінің қорытындысы жария етіліп, бұрын елдің Сыртқы істер министрі және Лондон қаласының мэрі қызметтерін атқарған Борис Джонсонның жеңіп шыққаны белгілі болды.