Қазақстан • 07 Маусым, 2019
Жуырда Әуе қорғанысы күштері ӘҚК бас қолбасшысының басқармасында суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде Нұр-Сұлтан қаласында опат болған кіші сержант Ерлан Райымқұловты қазасынан кейін марапаттау рәсімі өтті.
Саясат • 07 Маусым, 2019
«Құрметті сенатор» куәлігі мен төсбелгісі тапсырылды
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Парламент Сенаты Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Құрметті сенатор» мәртебесіне лайық деп таныған еді. Кеше палатаның жалпы отырысы басталар алдында Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Елбасына осы атақты айғақтайтын арнайы куәлік пен төсбелгіні табыс етті.
Үкімет • 06 Маусым, 2019
Бюджеттің атқарылу есебі тыңдалды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралды.
Қоғам • 06 Маусым, 2019
Бала өмірі қырағылықты қажет етеді
Жаз айларында балалардың жол апатына ұшырауы, суға кетуі, терезеден құлап мерт болуы, оған қоса астан улану жағдайлары жиілеп кетеді. Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, былтыр 90 бала суға кетіп көз жұмған. Ал биылғы бес айдың өзінде 45 бала осы «тілсіз жаудың» кесірінен бақилық болыпты. Иә, үрейіңді ұшыратын бұл сандардың астарында баланың тағдырына деген жауапсыздық, немқұрайлылық және салғырттық жатқандай.
Қазақстан • 05 Маусым, 2019
Жұмыс күні Әнұран айтудан басталды
Мемлекеттік рәміздер күні Нұр-Сұлтан қаласындағы мекемелерде қызметкерлердің жұмыс күні Мемлекеттік әнұранды шырқаумен басталды. Елорда әкімдігінің алдына жиылған мың қаралы адам әуезді Әнұранымызға қосыла кеткенде, елорда көгінен құдды бір отаншылдықтың, елдік пен өрліктің өшпес рухы сезілгендей әсер қалдырды.
Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Кеше елордадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жоғарғы қабатында орналасқан бассейнде 9 жасар қыз бала суға батып қаза болды.
Қазақстан • 04 Маусым, 2019
Бүгінде мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз бен Гимнімізге қазақстандықтар жүрегінің түбінен орын беріп, ерекше құрмет көрсетіп келеді. Өткен тарихымыздың, саралы жолымыздың символындай болып, ертеңімізге де бағдар көрсетіп тұратындай әсер қалдыратын осы айрықша белгілер қабылданған ширек ғасырдан астам уақыттан бері, дәлірек айтқанда рәміздеріміз бекітіліп, тиісті заң қабылданған 1992 жылдың 4 маусымынан бері отандастарымыздың мемлекеттік рәміздерге құрметі әсте бір кеміген емес.
Қоғам • 03 Маусым, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ел көлемінде биыл алтыншы рет өткен «Мерейлі отбасы» конкурсының Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарияланды. «Қазмедиа холл» киноконцерт залында салтанатты іс-шараға барлық қатысушылар жиналып, топтан озғандарға құрмет көрсетілді.
Президент • 03 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіндегі деректерге қарағанда, бұл жолы құтқарылған балалардың саны – 171. Сөйтіп Елбасының тапсырмасы бойынша жүргізілген «Жусан» гуманитарлық операциясының үш кезеңінде Қазақстанға бас-аяғы 357 бала қайтарылып отыр.
Саясат • 03 Маусым, 2019
Қазақстан мен Еуропаның байланысы берік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келген Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен келіссөз жүргізді. Ақорда резиденциясында Еуропалық кеңес басшысына барынша салтанатты құрмет көрсетілді. Бұл сапар жуырда Еуропаның саяси бағдарын, ұйымның әрі қарайғы тағдырын анықтайтын сайлаудың өтуімен және біздің еліміздегі президенттік сайлаумен тұспа-тұс келуімен де маңызды болып отыр.