Білім • 13 Мамыр, 2020
ҰБТ-2020: өтініш саны рекордтық көрсеткішке жетті
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов хабарлады. Жыл сайын ҰБТ-ға мектеп бітірушілердің 70 пайызы өтініш беретін. Биыл бұл көрсеткіш 82 пайызға жетті. Маусым айында өтетін негізі ҰБТ-ға 10 мамырға дейін онлайн режімде 131 мың талапкер өтінім берген.
Білім • 13 Мамыр, 2020
Білім алушылардың ізденісі артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында білім саласындағы тосын өзгеріске тезірек бейімделіп, тиімді әдіс-тәсілдерге икемделу керектігін айтты.
Қоғам • 13 Мамыр, 2020
Биологиялық қауіпсіздік кеңесін құру – заман талабы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Үкіметке беделді ғалымдар мен сарапшылардан тұратын Биологиялық қауіпсіздік кеңесін құруды тапсырды. Енді осы кеңеске COVID-19 пандемиясы жағдайында, өз саласы бойынша қауіпті індетпен күресуге барынша үлес қосып, ғылыми-зерттеулер жасап, ғылыми жобалар мен жол карталарын даярлап, белсенділік танытып жүрген жалпы биологияның әр салаларының жетекші жас ғалымдарын тарту қажет.
Білім • 13 Мамыр, 2020
Мұғалімнен артық есеп сұрамаңыз
Педагогтердің шамадан тыс есеп беру мәселесін түбегейлі шешетін Бұйрық мамыр айынан бастап күшіне енді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Ведомство басшысы бекіткен 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген.
Білім • 12 Мамыр, 2020
Бір бала тек бір мектепте тіркелуі тиіс – А.Аймағамбетов
Бір баланың тек бір мектепте тіркелуі не үшін маңызды? Мұның арғы жағында жемқорлыққа жол бермеу мәселесі жатыр. Өйткені мектептер жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіп жатыр. Осы жайтқа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы тоқталды.
Білім • 12 Мамыр, 2020
Басқарма мен бөлімдерге білім беру мекемелеріне сауал жолдауға тиым салынды
Білім беру бөлімдері мен басқармаларына ақпарат қажет болған жағдайда білім беру мекемелеріне сауал жолдауға тиым салынды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
Білім • 11 Мамыр, 2020
Пән мұғалімі 2-ақ құжат тапсыруы тиіс – министр
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ведомство бекіткен 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген. Соның ішінде пән мұғалімдерінің де қандай есепті тапсыруға міндетті екені белгіленді.
Білім • 11 Мамыр, 2020
Аттестат тапсыру рәсімін өткізу күні белгіленді
Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова хабарлады. Қашықтан оқыту жағдайында мектеп бітірушілері үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін бұдан бұрын жазғанбыз. Енді жыл сайын маусым айының соңында өтетін аттестат тапсыру рәсімінің де уақыты өзгерді.
Білім • 11 Мамыр, 2020
Сынып жетекшісі қандай есеп беруі тиіс?
Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді. Ведомство бекіткен 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген. Соның ішінде сынып жетекшісінің де қандай есепті тапсыруға міндетті екені белгіленді.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитеті хабарлады. Гранттық қаржыландыру іске асыру мерзімі 12 ай және 27 ай болатын 2020-2022 жылдарға арналған жобаларға жарияланды.