Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
730 материал табылды

Қазақстан • 05 Қараша, 2019

«Біздің қаланың көшелері» жобасын бастау

«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында, бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарын белгілі бір жердің ғана емес, бүкіл қаланың, тіпті бүкіл елдің тарихымен таныстыруға тамаша мүмкіндіктер береді. Өйткені, кез-келген астаналық тұрғынға: «Бұл көше неге осы адамның тегімен аталады?», «Қала аудандарында атаулар қандай қағида бойынша берілген?» немесе «Бұл көше не туралы, қандай тұлға туралы және кімнің тағдыры туралы айтуы мүмкін?» деген ойлайдарды тудырады.

Қазақстан • 04 Қараша, 2019

Жоғары оқу орындары жұмыссыздарды көбейтіп отыр ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында білім берумен емес, диплом сатумен айналысатын университеттерді қатаң сынға алған еді. Бас басылым бетінде ЖОО-лар жөнінде ұдайы түйткілді тақырыптар көтеріліп келеді. Әлбетте Президент атап өткендей, кейбір университеттер лайықты деңгейге қол жеткізе алмай, мемлекеттен қолдау көрсетілсе де білімді бизнеске айналдырып отыр. Мұндай сөз көбіне жекенің иелігіндегі университеттерге қарата айтылады. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі жүргізген білім беру бағдарламалары бойынша рейтингте екі шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті сынды мамандықтарды оқытуда үздіктер қатарынан көрінген Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, философия ғылымдарының докторы, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Телисжан АЙТКАЗИНМЕН әңгімелескен едік.

Қоғам • 28 Қазан, 2019

Мақсат Жабағин: Жас ғалымдар жетімсіреп жүр

Ғалымдар мен ғылымға жанашыр жандардың арасында тиісті министрліктің ғылымға лайықты көңіл бөлмейтіні жөнінде жиі сөз болады. Осы ой ескерілді ме, биылғы тамызда Білім және ғылым министрлігі жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Аталған кеңестің қандай жұмыс атқаратыны және алдағы жоспарлары жөнінде ұйым жетекшісі Мақсат Жабағинмен әңгімелескен едік.

Қоғам • 28 Қазан, 2019

Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар

Осындай тақырыпта өткен халықаралық конференцияда әлемнің 17 мемлекетінен жиналған білім беру саласының мамандары бас қосты. 2 мыңнан аса делегат келген шараның ашылуына елорда әкімі Алтай Көлгінов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.

Қоғам • 28 Қазан, 2019

Ғылымды қаржыландыру: демеу ме, әлде тежеу ме?

Үкіметтің қаулысымен 2006 жылы құрылған «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы – еліміздегі ғылыми жаңалықтардың өндіріске енуіне жағдай жасап отырған бірден-бір ұйым. Осыған дейін көптеген жобаның жұлдызын жақты. Ал сол қаншама қаржы құйылған жұмыстардың жемісін қоғам көріп жүр ме? Қаражаттың көлеңкелі тұстарын меңзейтін көңілі күпті көпшіліктің көкейдегі сауалдары тағы бар. Әлемде өнертабысты өнімге айналдыру арқылы бүтін бір мемлекеттің экономикалық ахуалын алға шығарып отырған елдер жетерлік. Біздегі нәтиже қандай?

Технология • 22 Қазан, 2019

Елордада Тамос ғарыш мектебі ашылады

Бұл туралы Ұлттық ғарыш орта­лы­­ғында өткен «Tamos Space School» (Тамос ғарыш мектебі) жеке мектебінің құрылысына ал­ғаш­­қы тас қалау рәсі­мінде айтылды.

Қоғам • 16 Қазан, 2019

Заң жобасын талқылады

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының ұйымдастыруымен «Педагог мәртебесі: ұсыныстан нақты қадамға» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Шара барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды. Жиынға Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, аталған партияның депутаттары мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Қоғам • 16 Қазан, 2019

«Еңбек» елеусіз қалды

Жақында ата-аналардың бірі мектептегі еңбекке баулу сабағының өткізілмей қалатынын айтып, жанайқайын жеткізді. «Еңбек бәрін жеңбек» дейміз ғой, білім ошақтарындағы «еңбекті» өзге пәндер «жеңіп» кететін көрінеді. Мұғалімдер еңбекке баулитын сабақтың сағатын басты пән санайтын математикаға береді екен. Бала бойына берері болмаса, аталған пән Мемлекеттік стандарт пен соған сүйене әзірленген бағдарламаға не үшін енгізілді? Үкімет қаншама миллион оқулық басуға миллиардтаған қаржыны бекерге бөлді ме?

Қоғам • 10 Қазан, 2019

Шетелде тегін оқуға болады

Әлемнің 50 мемлекетінен 300-ге жуық университет мамандары қатысқан ауқымды шарада шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері өз бағдарламаларын таныстырып, жергілікті жастарға шетелде білім алудың жолдарын түсіндірді.

Қоғам • 07 Қазан, 2019

Мұғалімнің әлеуметтік жағдайы дөңгелек үстел мәжілісінде талқыланды

Білім және ғылым министрлігі мен Еуразиялық интеграция институтының бірлесе ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға аталған ведомство өкілдері, елордадағы білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.