Білім • 10 Қараша, 2023
Балабақшаға қабылдаудың жаңа тәсілі
Қоғамда балаларды балабақша кезегіне қоюға қатысты шағымдар жиі айтылады. Бұл туралы кезінде газетімізде жарияланған «Кері кеткен кезек» атты мақалада ашып жазғанбыз. Балабақшаға қабылдау кезінде қағаз құжаттар жинау да жұмысбасты ата-ана үшін оңай шаруа емес-ті. Бірақ енді бәрі басқаша болмақ. Өйткені мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берудің, кезекке қою мен есепке алудың бірыңғай базасы құрылады.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Осыған дейін 3-6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізгенімізге қуандық. Алайда балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 2 жастан қамту мәселесі алға шықты. Өйткені мектеп жасына жетпеген балалары бардың басым бөлігі – жас отбасы, ал бас қосқанына көп болмаған ерлі-зайыптылардың көбі ипотекаға байланған. Мұндай жағдайда оларға ұзақ жыл 1 адамның жалақысымен күн көру қиын. Сол себепті де аналар арасында декреттік демалыста ұзақ отырмау, баласын ерте жастан балабақшаға беру үрдісі белең алып барады. Бірақ елімізде сәбилерді қабылдайтын мектепке дейінгі ұйымдар тапшы.
Мектеп • 06 Қараша, 2023
Ауыл мектебінің әлеуетін арттыру
Еліміздің әр өңірінен, әсіресе ауылдардан, алыс-жақын шетелдерден келген білім саласының қызметкерлері Астанаға ат басын бұрды. Мұның себебі «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан өздеріне керегін алып, тың тәжірибесін бөлісу еді.
Білім • 03 Қараша, 2023
2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 90 пайызға жуықтады. Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 1 000 ауыл мектебін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша қабылданатын студенттердің санын 2029 жылы 80 мыңға жеткізу жоспарланған. Білім саласындағы осы және өзге де маңызды мәселелер мен алдағы жаңалықтар жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Ғалым • 31 Қазан, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігінің осы академиялық жыл басында таратқан ақпаратына сүйенсек, елімізде 22 мыңнан аса ғылыми қызметкер бар. Соның 46 пайызы – 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Елімізде ғылымға жастарды тарту мақсатында «Жас ғалым» жобасы іске қосылған. Аталған жоба бойынша жас зерттеушілерге жыл сайын 1000 грант бөлінеді. Грант иеленгендердің бірі – «Болашақ» стипендиаты, «Теориялық физика» бойынша PhD Ұлсерік Молданазар.
Инфографика • 25 Қазан, 2023
Ел егемендігін алған соң, отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі басталды. Одақтан қалған 100-ден аса ғылыми-техникалық ұйым енді ғана еңсе тіктеген елдің меншігіне өткендіктен, ғылым саласын мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңызы күн тәртібінде тұрды. Жоғарғы кеңестің 1992 жылы 15 қаңтардағы Қаулысымен «Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы» заңы қабылданды. Бұл тәуелсіздік тарихындағы төл ғылымға мемлекет тарапынан жасалған құқықтық, қаржылық, жалпы кешенді қолдаудың басы ғана болатын.
Сұхбат • 18 Қазан, 2023
Күләш ШӘМШИДИНОВА: Академиялық еркіндік алдымен мұғалімге қажет
Әрбір мемлекет дамуды, өркендеуді, экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан баюды, кемелденуді көздейді. Сол бағытта барлық ресурсты пайдаланады. Бұл – дамушы елге де, дамыған мемлекетке де тән құбылыс. Көзделген мақсатқа әрқайсысы әртүрлі жолмен жетеді. Соның ішінде бәріміз байқағанымыздай жаңа технологияға, өндіріске, ғылымға айрықша көңіл бөлген елдер дамудың төте жолын тапқандай. Ғылым мен технологияның, жалпы, бар саланың бастауында білім жүйесі тұр. Ал біздегі білім жүйесі қай бағытта бет алып барады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін отандық орта білім жүйесіндегі реформаторлардың бірі, танымал білім қайраткері Күләш Шәмшидиновамен әңгімелескен едік.
Білім • 16 Қазан, 2023
Баламды қазақшаға біл деп бердім
Өткенде бір досымыз баласын қазақша балабақшаға бергенін, бірақ ол онда керісінше орысша шүлдірлеп кеткенін жеткізді. Сөйтсе, қазақ тобына баратын 25 баланың 2-уі ғана қазақша сөйлейді екен. Оның бірі – танысымыздың перзенті. Қазақ тобындағы орысша сөйлейтін 23 тәрбиеленушінің ата-анасы балаларын қазақшаға білсін деп беріпті. Ал олар, досымыздың пікірінше, қазақша білетін балаларды «бүлдіріп» жүр.
Ғылым • 11 Қазан, 2023
Ғылымның мәртебесі қайткенде артады?
Өткен аптаның соңында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жаңа басым бағыттары бекітілді. Ал ғылыми қауымдастықта белсенділік танытып жүретін ғалымдар алдағы уақытта қаржыландыруға негіз болатын басым бағыттардың ғылыми ортада әбден талқыланбай, ескертулер ескерілмей қабылданғанына, басым бағыттар қатарының қысқартылып кеткеніне қынжылады. Тіпті мұндай маңызды шешімді шығаруда кейбір заңнамалық норма бұзылғанын айтады. Мәселенің мәнісі неде?
Президент • 06 Қазан, 2023
Мұғалім болу – қастерлі міндет
Елордада І республикалық педагогтер съезі өтті. Келелі жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысты. Сондай-ақ маңызды іс-шараға еліміздің әр өңірінен 700-ден аса педагог жиналды. Алқалы басқосуда білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен оның тиімді шешімдері айтылып, үздік педагогтер марапатталды.