Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
534 материал табылды

Қоғам • 20 Маусым, 2022

Ата-ана мен баланы жақындататын жарыс

Елордада Балалар жылына орай өт­кізіл­ген FAMILY STEAM CHAL­LENGE-2022 отба­сылық сайысының финалдық кезеңі қорытындыланды. Бай­қауды «Сенімен бо­ла­­шақ» республика­лық қоғамдық бірлес­тігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен STEAM LAB компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ғылым • 15 Маусым, 2022

Артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісі

Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты. Зерттеушілер жаңа әдістер мен осыған қатысты құрылғыларға отандық және халықаралық патент алды. Оны енді практикада қолдануға болады.

Ғылым • 14 Маусым, 2022

Ғылымға көңіл бөлсеңіз...

Өткен аптаның соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қой­ды. Маңызды құжатта «Қазақ­стан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл сая­саты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифр­лан­дыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министр­лігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын» де­лінген. Ғылымның маңыз­дылығына коронавируспен күрес және кейінгі кездердегі техно­логиядағы жетістіктер көзі­мізді анық жеткізді. Сондық­тан да Президенттің бұл қа­­дамы қоғамның зор қолдау­ына ие болғаны сөзсіз.

Білім • 13 Маусым, 2022

Магистратураға құжат қабылдау басталды

Кешенді тестілеуге қатысу үшін берілетін өтініштер 2022 жылғы 15-шілдеге дейін қабылданады. Тір­кеу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

Білім • 09 Маусым, 2022

Жоғары нәтиже көрсеткендер де, ереже бұзғандар да бар

Қазіргі уақытта елімізде биылғы ең негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өтіп жатыр. Талапкерлердің арасында жоғары нәтиже көрсеткендер де, ереже бұзғандар да бар.

Білім • 07 Маусым, 2022

«Егемен» көтерген мәселе оң шешімін тапты

Ел газетінде көтеріліп, оң шешімін тапқан мәселе көп-ақ. Соның жарияланып жатқаны аз. Бірақ мына бір жаңалықты ауыз толтырып айтуға болатындай. Себебі қаншама ата-ана мен оқырманымызды қуантатын шешім секілді.

Білім • 02 Маусым, 2022

Тәрбиеге негізделген білім балабақшадан басталады

Үйдің берік болмағы – іргетасынан. Ал барлық білім беру жүйесінің іргетасы – балабақша. Мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың тым құрығанда орта деңгейлі білімі бары анық. «Олар мемлекеттің байлығын, тәуелсіздіктің нышанын қызғыштай қору керегін білмей ме? Оқу бағдарламасына енген ғой...» деген ойға қаласыз. Сондай сәтте тәрбие еске түседі.

Қоғам • 01 Маусым, 2022

Балалар үйі азайып келеді

Қазақ: «Қаз бен үйректің панасы – көл, жетім мен жесірдің панасы – ел» дейді. 2000 жылдардың басында супер­маркеттегі себетке салынған сағыздай сатылған балалар жайлы білгенде, «Жетімін жылат­паған ел едік қой» деп жасыдық.

Білім • 01 Маусым, 2022

50 жеңімпаз білім грантына ие болды

Қазақстандық оқушылар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиада-2022 додасына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Білім және ғылым минис­тр­лігі жарыс жеңімпаздарына білім гранттарын табыстады. Енді олар өз­дері таңдаған жоғары оқу орнына Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырмай-ақ түседі.

Білім • 31 Мамыр, 2022

Жазғы мектепте оқу басталды

Оқыту – маңызды, бекіту одан да маңызды. Пандемия кезінде оқушылар қашықтан оқимыз деп кейбір тақырыптарды өткізіп алған еді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастырды. Қазірдің өзінде 2 млн-ға жуық бала жазғы мектептерде білімін шыңдап жүр.