Экология • 12 Шілде, 2019
Экология – ел ертеңі үшін маңызды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек», – деген еді. Көп кешікпей елімізде жаңа министрлік құрылды. Ол – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Саясат • 28 Маусым, 2019
Премьер-министр Алматы қаласының жаңа әкімін таныстырды
Үкімет басшысы Асқар Мамин Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысып, қаланың жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевты таныстырды. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.
• 25 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев жарақаттанған азаматтардың көңілін сұрады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстардың кесірінен жарақат алған азаматтардың көңілін сұрады.
• 20 Маусым, 2019
«Egemen Qazaqstan» редакциясында ашық ректорат өтті
«Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректорат жиналысы өтті. «Ашық ректорат» форматындағы жиынға университет проректоры Дихан Қамзабекұлы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, университеттегі факультет декандары, ғалымдар мен редакция қызметкерлері қатысты.
• 19 Маусым, 2019
Жақында ғана HBO телеарнасында «Чернобыль» деп аталатын мини сериал аяқталғаны бар. Осыдан 33 жыл бұрын әлем жұртын алаңдатқан ядролық апат жайлы туынды еді. Рас, көрмегендер үшін сериалдың мазмұнын айтқанымыз спойлер болатын шығар, бірақ сол туындыда екі кейіпкердің өзара диалогы бар. Екеуі де өмірде болған тұлғалар. Біреуі КСРО Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Борис Щербина болса, екіншісі академик Валерий Легасов еді. Сериалда осы екі тұлғаның сот үзілісі кезіндегі бір-екі ауыз сұхбаты беріледі. Сол диалогта академик В.Легасов апат салдарын жоюға қатысатын өзге де ғалымдар табылатынын, бірақ бұл жұмысты ұйымдастыруда Б.Щербинаның беделі мен рөлі зор болғанын айтатыны бар. Сөз соңында «менің үнімді естіді, бірақ сені тыңдады» дейді. Түсіне білгенге адам үнін есту мен сол үн арқылы жеткен тілекке, кеңеске құлақ түру, тыңдау әрі оны жүзеге асыру екі бөлек дүние.
• 18 Маусым, 2019
Мысырдың экс-президенті қайтыс болды
Мысырдың экс-президенті Мұхаммед Мурси сот залында қайтыс болды. Ол мемлекетті ұзақ жылдар бойы басқарған Хосни Мубарак халық наразылығы нәтижесінде биліктен кеткен соң, 2012 жылы елде өткен тұңғыш демократиялық сайлау нәтижесінде билікке келген болатын.
• 11 Маусым, 2019
Көне дастанның үшінші нұсқасы кітап болып басылды
Түркияда Қорқыт ата дастанының үшінші нұсқасы кітап болып басылып шықты. Бұл қолжазба Иран жерінде сақталыпты.
• 09 Маусым, 2019
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда
Бүгін сағат 07.00 де басталған Қазақстан Республикасы кезектен тыс Президент сайлауына азаматтар белсенді қатысып жатыр. Сайлау уческелері ашылған сәттен бастап отандастар көптеп дауыс бере бастады. Еліміздің түрлі өңірлеріндегі сайлау учаскелеріндегі бақылаушылар да сайлаушылардың белсенділігін атап өтуде.
• 09 Маусым, 2019
Бірінші болып дауыс берген азамат Жапонияда оқиды
Қазақстан Республикасы кезектен тыс Президент сайлауында ең бірінші болып Жапонияда оқитын Ильяс Құрманғали деген азамат дауыс берген. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ таратқан мәліметтерге сүйене отырып хабарлады.
• 29 Мамыр, 2019
450 жылға созылатын онлайн-трансляция басталды
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұзақтығы 450 жылға созылатын онлайн-трансляция бастады. Мамырдың 10 күні WWF-тың Facebook-тегі парақшасында басталған транцляция пластмасса бөтелкенің табиғи жолмен жойылу процесін көрсетпек.