Қоғам • 28 Тамыз, 2019
Жуырда Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінің төңірегінде ұзақ уақыт бойы браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл топ көлдегі майқан балығының уылдырығын заңсыз жолмен жинап, саудалап келсе керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына орай ІІМ қызметкерлері бұл топты құрықтау үшін арнайы операция өткізді.
Қоғам • 22 Тамыз, 2019
Әдетте қазақ жастары туралы сөз қозғағанда зиялы қауым өкілдері олардың күзетші болып жүргенін жиі айтатыны бар. Мұны кейде біздің мініміз ретінде де бағалап жатамыз. Бірақ ол да кәсіп, әрі еңбек нарығындағы сұраныс мүлдем бөлек.
Қоғам • 21 Тамыз, 2019
Астың дәмін тұз келтірсе де...
Жуырда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және жастардың денсаулығын нығайту үшін нан және нан-тоқаш өнімдерінде тұзды кезең-кезеңмен азайту. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайтуды жаппай тұтынылатын өнім ретінде наннан бастаған тиімді. Сондықтан осындай меморандум жасалса керек.
Руханият • 13 Тамыз, 2019
Игеру мен игілігін көрудің айырмасы
Ел ішінде «баяғыда Абылай хан Ер Жәнібек, Райымбек тәрізді батырларына «Өзеннің басын алмай өзегі сенікі болмайды» деп Ертіс пен Іленің бастауына қарай қоныстануды тапсырыпты-мыс» дейтін әңгіме бар. Кәсіби тарихшылар ештеңе демегенімен, бұл аңыз бұқараның арман-аңсарын, империя болып жүрген кезге деген сағынышын, жерге иелік етіп, қоныстанудың маңызын сездіреді. Қысқасы, жердің иесіз болмайтынын тұспалдайды. Бізді ежелгі жұрттың түкпір-түкпірін қоныс қылу мәселесі қызықтырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде күнгейден теріскейге бағытталған көштің жайы өзекті.
Қазақстан • 02 Тамыз, 2019
Білім гранттары қалай бөлінді?
Сонымен, ұл-қыз өсіріп, олардың белгілі бір мамандық иесі болуын тілеген ата-ананың көптен күткен сәті де келіп жетті. 2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарық көрді. Биыл 53 785 білім гранты бөлініпті. Конкурсқа 64 452 түлек қатысты. Сөйтіп алдағы қыркүйектен бастап мыңдаған бойжеткен мен бозбала студенттер қатарын толықтыратын болады.
Қоғам • 29 Шілде, 2019
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Африкадан келген азаматқа тұрмысқа шыққан отандасымыздың қадамын талқыға салып, сан-саққа жүгіртіп жатқандар көбейіп кетті. Көбі намыстанатын сыңай танытып жатыр. Бойжеткеннің таңдауын өзінің жеке ісі десіп жатқандар да жетерлік. Әркімнің өз дегені өзіне жөн болып тұрған жайы бар.
Руханият • 29 Шілде, 2019
Түгел түркіге керегі – «Томирис» пен «Күлтегін»
«Көп түрік енші алып тарасқанда» (М.Жұмабаев) қасиетті қарашаңырақты ұстап қалған біздің ел түбі бір туысқан халықтардың рухын оятатын ортақ құндылықтарды насихаттау ісінде де бірегей қадамдар жасап отыр. Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмінің алғашқы ресми трейлерінің түркі дүниесінде зор қызығушылық тудырғаны соның айғағы деуге болады. Трейлер түрік тіліндегі субтитрімен жарияланған соң, бір күннің ішінде интернет қолданушылары миллион рет көріп үлгеріпті. Шамасы бауырлас жұрт түбі бір халықтардың көне тарихынан сыр шертетін көркем туындыға сусап жүрсе керек. Біздің де шөліміз қанбады. Бірақ біз көне тарихымыз жайлы көркем туындылар жасау ісін бастадық.
Қазақстан • 22 Шілде, 2019
Қауіпсіздік сертификатынан туған ой
Әңгіме «қауіпсіздік» жайлы ХХІ ғасырдың өзіндік сын қатері бар екенін бұқара жақсы біледі. Соның ішінде ақпараттық тұрғыда да түрлі қатер төнуі мүмкін екенін мойындаймыз. Мемлекет елдің ақпараттық тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салып жататыны бар. Бірақ соңғы бірнеше күндегі оқиғалар ақпараттық қауіпсіздігімізге қатысты шаралардың азаматтар мен ел мүддесіне қызмет мақсатында емес, қалың бұқараның не оқып, нені тыңдап жүргенін тұтастай бақылауға бағытталғандай көрінгені бар. Өйткені байланыс операторлары аяқ астынан «қауіпсіздік сертификатын орнатыңдар» деп жар сала бастады. Ал мұнысы «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кері тәрізді көрінген. Себебі ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде салғырттық танытқан бұқара емес, мемлекеттік құрылымдар еді.
Қоғам • 19 Шілде, 2019
Өмір сапасы – әлеуметтік мемлекет кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы билікке бірқатар нақты тапсырма берген-ді. Солардың арасында ел азаматтарының өмір сапасын жақсарту мәселесі бар. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуды өзінің ең басты мақсаты ретінде қарастыратынын айтқан.
Әлем • 15 Шілде, 2019
Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде тағы да шу шықты. Ежелден бері түрлі саяси ойындар мен шиеленістердің «мәңгілік мекеніне» айналған теңіздегі айқай-шу осы жолы Кипр аралы төңірегінде болып тұр. Себебі бұл аймақта табиғи газдың қоры табылған болатын. Ал Түркия мамыр айында Кипрдің батыс тұсынан бұрғылау жұмыстарын бастаған еді. Кейін аралдың шығыс жағындағы қайраңға түріктің «Явуз» бұрғылау кемесі келіп, барлау жұмыстарына дайындық жасай бастады. Сөйтіп аймақтағы өз мүдделерін қорғауға бекінген елдердің арасында дау-дамай басталды.