Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Мемлекет қолдауымен еңсесін тіктеді
Түркістан облысының Арыс қаласынан Павлодар облысының Майқоңыр ауылына қоныс аударған Серік Жәдігердің отбасы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. Қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да төлемдерді алып, жаңа, мұқтажсыз өмір сүруді бастады.
Қоғам • 21 Қазан, 2019
Бейжіңнің ауасын мысал етеміз-ау...
Жақында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңадан әзірленіп жатқан экологиялық кодексте қоршаған ортаны ластағандарға салынатын әкімшілік айыппұлды 10 есеге өсіру тетіктерін қарастырып жатқанын естідік. Сөйтіп мемлекет табиғат пен оның ресурстарын келер ұрпақтан «қарызға алған» бүгінгі буынды айыппұл арқылы жөнге салуды көздеген тәрізді. Ал біз 10 еселік айыппұлды қолдаймыз. Өйткені табиғатымыздың тозып бара жатқанын байқап жүрміз. Әйтпесе тым көп айыппұлдың несі жақсы дейсіз?! «Сергектердің» өзі селт еткізетіндей «беделге» ие болғалы қаша-а-ан?!.
Әлем • 13 Қазан, 2019
Түркия елшісі әскери операция туралы айтты
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык өз елінің Сирия аумағында ұйымдастырып жатқан әскери операциясы жайында айтып берді. Елші 9 қазан күні басталған «Бейбітшілік қайнары» атты әскери операцияның Сирия жеріндегі террористік топтарды жоюға бағытталғанын айтты.
Әлем • 11 Қазан, 2019
«Бейбітшілік қайнары» Түркия террористерге қарсы әскери операция бастады
Түркия Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция бастады. «Бейбітшілік қайнары» деген атау берілген операция сәрсенбі күні Түркия сағатымен 16.00-де басталды. Сириядағы Евфрат өзенінің шығыс жағалауына бағытталған операцияға авиация мен құрлық әскерінің түрлі бөлімшелері қатысып жатыр. Операция Сирияның солтүстігіндегі террористік және сепаратистік пиғылдағы қарулы топтарды жойып, қауіпсіз белдеу құруды, сөйтіп Түркияның оңтүстігінен төнетін қауіп-қатерді сейілту мақсатын көздейді.
Қоғам • 07 Қазан, 2019
Шетелден жұмысшы тартуға талап күшеймек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Кен өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың табысы артқанмен азаматтарымыздың жалақысы айтарлықтай өспегенін көріп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып отырғандықтан, Үкімет бұл мәселеде табандылық танытуы керек.
Қазақстан • 04 Қазан, 2019
Елбасы ұйытқы болған «Нахчыван рухы»
Халықаралық Түркі академиясында 3 қазан – Түркі ынтымақтастығы күніне орай Нахчиван келісімінің 10 жылдығына арналған жиын өтті. «Нахчыван рухының» түркі интеграциясындағы рөліне арналған жиынға академия басшысы Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов, Түркия елшісі Невзат Уянык, Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Қырғызстан елшісі Жээнбек Кулубаев, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқыш, бірқатар БАҚ басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
• 03 Қазан, 2019
ХІХ ғасырда Солтүстік Америка құрлығын ат тұяғының дүбіріне бөлеген малшылар өткен. Бізге вестерн фильмдері арқылы жақсы таныс «ковбойлар». Олар ранчо иелерінің малын бағатын, табын-табын сиырды алыстағы жайылымдардан темір жол стансаларына айдап апаратын. Олардың дәурені кәдімгідей Батыс мәдениетінде ковбой әндері, поэзиясы, балладалары мен аңыздарын қалыптастырғаны бар.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2019
Түркияда Елбасы туралы кітап таныстырылды
Өткен аптада Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен тарихи Нахчыван келісімінің 10 жылдығына арналған басқосу өтті. Алқалы жиын аясында Түркі академиясы шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабының тұсаукесері болды.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019
Балаларды оңалту орталықтары жетіспейді
Елімізде мүмкіндігі шектелуі балалардың саны 85 мыңнан асады, әрі олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ал оңалту орталықтарының саны небәрі 152 ғана. Бұл деректерді Нұр-Сұлтан қаласында бас қосқан реабилитологтар мен курортологтардың ғылыми конференциясында естідік.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтік қызметтерді жақсарту қажет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Алматы қаласының әлеуметтік ұйымдары мен жұмыспен қамту орталықтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың Алматыға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.