Taza.kz
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3575 материал табылды

Спорт • 23 Тамыз, 2022

Almaty Urban Fest 2022 фестивалі өтеді

27 тамызда Алматыда урбанисті және экстремалды спорт түрлерінен «Almaty Urban Fest 2022» спорт фестивалі басталады. Алғашында іріктеу турнирі өтсе, одан кейін гранд-финалды тамашалаймыз. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 17 қыркүйек күні белгілі болады.

Спорт • 23 Тамыз, 2022

Жерлестерімізден жеңіс күтеміз

Келесі жылдың 12-22 қаңтары аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтетін XXXI Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы қай командалармен күш сынасатыны белгілі болды.

Спорт • 23 Тамыз, 2022

«Ақтөбе» алға шықты

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өтті. Бұл кезең­дегі кездесулер арқылы қай коман­да­ның көш бастайтыны анықталуға тиіс еді.

Спорт • 23 Тамыз, 2022

Шымкенттіктерге жолдама бұйырмады

Футболдан әйелдер арасындағы Чем­пиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі артта қалды. Өкінішке қарай, «БИИК-Шымкент» бұл жарыста сәт­сіз өнер көрсетті.

Спорт • 23 Тамыз, 2022

Беннеттің бабы келісіп тұр

«Вуэльта» көпкүндігінің үшінші кезеңі Нидерландтың Бреда қаласында өтті. Бұл бәсекеде де 22 жастағы велошабандоз Сэм Беннеттің бағы жанды.

Спорт • 23 Тамыз, 2022

Бізден де чемпиондар шығады

Аралас жекпе-жек­­тен АҚШ-тың Солт-Лэйк-Сити қаласында UFC тур­нирі өтіп, басты бәсекеде жартылай орта салмақтың чемпиондық тәжі үшін Камару Ус­ман мен Леон Эд­варс айқасты. Ал­ғашқысы аме­ри­­ка­лық азамат бол­ғанымен Ниге­рия­да туып-өскен. Екін­­шісі – Ұлы­бри­танияның туы астында өнер көрсетіп жүрген Ямай­каның тумасы. Бұл бәсеке бесінші раундта Эдварстың айқын жеңісімен аяқталды.

Спорт • 23 Тамыз, 2022

Қазақ қызының қола медалі

Джиу-джитсудан Германияның Гамбург қаласында өткен халық­аралық турнирде қазақтың қаршығадай қызы Дана Төлеужан қола медаль иеленіп, өз жанкүйерлерін тағы бір қуантты.

Спорт • 22 Тамыз, 2022

Әлемдік додада жеті жүлде бұйырды

Болгарияның астанасы – Софияда грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты (U-20) өз мәресіне жетті. Алғашқы күні 87 кило салмақта сынға түскен Мақсат Сайлау қола медаль иеленсе, келесі тәулікте тағы бес балуанымыз боз кілемге шығып, солардың екеуінің қанжығасы майланды.

Спорт • 22 Тамыз, 2022

Жас өрендер жарысы

Алматы облысына қарасты Талғар қаласында бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұр­сынғали Еділовтің жүлдесі үшін өткен жас­өспірімдердің халықаралық турнирі аяқталды.

Спорт • 22 Тамыз, 2022

Гран-при Нұр-Сұлтанда өтеді

17-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда шахматтан әйелдер ара­сындағы Гран-при турнирінің бірінші кезеңі өтеді. Бұл жарысқа әлемдегі үздіктер санатына енетін 12 ойыншы қатысады.

Яндекс.Метрика