Спорт • 26 Қараша, 2021
Ақтөбеде грек-рим күресінен 2002-2004 жылдары туған жастар арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ескенкелді Батырғаринді еске түсіруге арналған дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің бірқатар аймақтары мен көршілес Қырғызстаннан келген балуандар бақ сынады.
Хоккей • 25 Қараша, 2021
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда Минскінің «Динамосымен» өткізді.
Спорт • 25 Қараша, 2021
АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Бұл жарыста ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, барлығы 238 спортшы бақ сынайды.
Футбол • 24 Қараша, 2021
ФИФА өзінің ресми сайтында 2021 жылдың қорытындысы бойынша The Best сыйлығынан, яғни әлемнің ең үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімін жариялады.
Хоккей • 24 Қараша, 2021
Келесі жылдың 15-16 қаңтары күндері Ресейдің Челябі қаласында Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) ең үздік ойыншылардың қатысуымен «Жұлдыздар матчы» өтеді.
Спорт • 24 Қараша, 2021
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) осы жылдың қорытындысы бойынша Altyn Samgay-2021 сыйлығының иегерлерін анықтауға кірісті. Olympic.kz сайты арқылы сауалдама жүргізіліп, соның негізінде бірнеше аталым бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болады. Марапаттау рәсімі келесі айдың бел ортасында, яғни ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында өтеді.
Футбол • 23 Қараша, 2021
Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық сайыстары аяқталды. Соңғы матчта «Тобыл» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.
Теннис • 23 Қараша, 2021
Теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг қайта жаңарды. Қазақстанның ең үздік ойыншылары үздіктер тізіміндегі өз орындарын сақтап қалды.
Спорт • 23 Қараша, 2021
Каратэден Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен әлем чемпионатының командалық сайысында Қазақстан құрамасы қола медальды иеленді.
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
Жыл өткен сайын Алматы қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы спартакиаданың ауқымы кеңейіп келеді. Күні кеше Нұр-Мүбәрак Мысыр ислам мәдениеті университетінің алаңында Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған спорттық іс-шараға 2 мыңға жуық адам қатысты. Олар арқан тарту, армрестлинг, кір тасын көтеру, қошқар көтеру, асық ату, петанк, допты қақпаға тебу секілді спорт түрлері бойынша бақ сынады.