Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 27 Желтоқсан, 2023

Тартысқа толы татами

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында дзюдодан жүлде қоры 100 мың долларды құраған халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтті. Ел аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған командалық сайыста 11 мемлекеттен келген 17 клуб күш сынасты. Олардың қатарында дүбірлі додаларда дараланып жүрген белді балуандар да аз болған жоқ.

Спорт • 26 Желтоқсан, 2023

Өрендер жарысы

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде «bel-bilek» халықаралық шығыс жекпе-жек фестивалі өз мәресіне жетті. Барлық стильдегі каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында өткен додада Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан және Қазақстанның бірқатар өңірінен келген 700-ге жуық спортшы бақ сынады.

Пікір • 26 Желтоқсан, 2023

Саясаттың салқыны

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей спортшыларына келесі жылы Парижде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына қатысуға рұқ­сат бергенімен, оларға бірқатар қатаң шектеу қойып отыр. Нақтылай айт­сақ, төрт­жылдықтың басты додасында көр­ші­леріміз бейтарап команда ретінде өнер көрсетеді. Яғни Францияның бас шаһа­рында ресейліктерге мемлекеттік рәміз­дерін пайдалануға тыйым салынды. Тіптен сол елдің саңлақтары жеңіс­ке жеткен жағдайдың өзінде аталған елдің ән­ұраны шырқалмайды, туы көкте жел­біремейді. Дәл осындай талап Бела­руське де қойылып отыр.

Спорт • 26 Желтоқсан, 2023

Балуандарға – сыйақы

Таяуда Астанада Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылдың қоры­тындысы бойынша ең үздік балуандарды анықтап, оларға сый-құрмет көрсетті.

Спорт • 25 Желтоқсан, 2023

Ойсырай жеңілді

Мәскеудегі «ЦСКА-Аренада» аралас жекпе-жектен АСА Гран-при турнирі өтті. Жеңіл салмақтылардың ширек финалында біздің Артем Резников күш сынасты.

Хоккей • 25 Желтоқсан, 2023

«Сочи» сан соғып қалды

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген «Барыс» ке­зекті тур ойнын өз мұзайдынында «Сочиге» қарсы өткізді.

Футбол • 25 Желтоқсан, 2023

Ел футболында өрлеу бар

ФИФА-ның ресми сайтында 2023 жылдың қорытындысы бойынша атал­ған ұйымның рейтингінде ең көп ұпай жиған ұлттық құрама командалардың тізімі жарияланды.

Футбол • 24 Желтоқсан, 2023

«МС» – әлем чемпионы!

Сауд Арабиясында футболдан клубтық әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жа­рыс­та алты құрлықтың ең үздік коман­­да­лары мен алаң иелері бақ сынады.

Спорт • 22 Желтоқсан, 2023

Семсерлесуден – 42 жүлде

Қазақстанның семсерлесушілері биылғы маусымды қорытындылады. Түрлі жас ерек­­шеліктері бойынша жалауы жел­біреген халықаралық жарыстарда жер­лес­теріміз 42 медальға иелік етті.

Спорт • 22 Желтоқсан, 2023

Барлық бәсекеде басым түсті

Футзалдан 2024 жылы Өзбекстанда шы­мылдығы түрілетін әлем чем­пио­на­тының іріктеу турниріндегі соң­ғы кездесуін жерлестеріміз Румы­нияға қарсы өткізді.