Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 24 Қаңтар, 2023

Бабың келіссін, Бибісара!

Кеше Мәскеудегі Vegas City Hall ке­шенінде «Шахмат жұлдыздары» деп аталатын халықаралық турнир бас­талды. Бір аптаға созылатын жарыст­а жер-жаһанның әр қиырынан жи­нал­ған 10 гроссмейстер бақ сынап жатыр.

Бокс • 23 Қаңтар, 2023

Жеті қыздың жеңілісі

Таиландтың астанасы Бангкок­та бокстан жастар арасындағы (U-22) Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтті. Алғашқы күні біз қыздар ара­сын­дағы бәсекелерді тама­ша­ладық. Шаршы алаңға тоғыз бұ­рымдымыз шықты. Солардың ара­сынан тек екеуі ғана ақтық сайыста күш сынасу құрметіне ие болды.

Спорт • 23 Қаңтар, 2023

Тізімге де ілінбедік

Штаб-пәтері Германияның Бонн қала­сында орналасқан Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) әлемнің ең үздік ішкі чемпионаттарының рейтингін жа­риялады.

Спорт • 23 Қаңтар, 2023

Рыбакинаның рейтингі жоғарылады

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швен­­­текті ұтып, Аустралия ашық бірін­ші­лігінің ширек финалына шық­қан Елена Рыбакина WTA рейтин­гін­дегі жағдайын біршама жақсартты.

Спорт • 23 Қаңтар, 2023

Бахрейнде екі жүлде бұйырды

Бахрейннің астанасы – Манамада сем­серлесуден жастар арасындағы әлем ку­богі ақталды. Бұл жарыста 14 мем­лекеттен келген 100-ге тарта спорт­шы бақ сынады.

Футбол • 22 Қаңтар, 2023

«Қайрат» пен «Пахтакор» кездесуі

Биыл Алматының «Қайраты» мен Ташкенттің «Пахтакоры» жолдастық кездесулер сериясын өткізуді жоспарлап отыр. Егер қос команданың баспасөз қызметтері таратқан мәліметтерге сүйенсек, алғашқы ойын 25 ақпанда Ташкентте өтеді. Одан кейін аталған команданың футболшылары жазда Алматыдағы Орталық стадионда ұйымдастырылатын қарымта матчта қайта жолығады.

Спорт • 22 Қаңтар, 2023

Астанада анықталатын әлем чемпионы

Биыл көктемде жер жаһан жанкүйерлерінің назары қайта Қазақстанға ауады. Өйткені респуб­ликамыздың бас шаһары – Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін бұл бәсекеде 32 жастағы ресейлік Ян Не­помнящий мен 30 жастағы қытайлық Дин Лижэнь шеберлік байқасады.

Бокс • 22 Қаңтар, 2023

Жартылай финалға шыққан 20 өрен

Бұл күндері Таиландтың астанасы – Бангкокта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты (U-22) жалғасып жатыр. Күні кеше ғана жартылай финалға жолдама алған барлық былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды. Әзірге жерлестеріміздің аяқалысы жаман емес. Тай еліне сапар шеккен Қазақстанның 25 өренінің (13 ер+12 әйел) 20-сы (11 ер+9 әйел) жартылай финалда күш сынасу құрметіне ие болды.

Спорт • 22 Қаңтар, 2023

Жастарымыз жарап тұр

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қала­сында өтіп жатқан ХХХ қысқы Дүние­жүзілік универсиадада Қазақ­­стан құрамасының қоржы­нына түскен медальдар саны се­гізге жетті.

Хоккей • 22 Қаңтар, 2023

Екінші рет жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Аста­наның «Барысы» кезекті тур ойынын Ека­те­ринбургте жергілікті «Авто­моби­лиспен» өткізді.