Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Теннис • 22 Қаңтар, 2023

Ширек финалға шықты

Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия­ның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында Қазақстанның бір ғана теннис­шісі қалды. Ол – еліміздің бірін­ші ракеткасы Елена Рыбакина.

Спорт • 22 Қаңтар, 2023

Елмираға ел риза

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен 1924 жылы Париж Олим­пиадасының жеңімпазы атанған атақ­ты балуан Анри Дегланды еске тү­сі­руге ар­налған Гран-при турнирі аяқ­тал­ды.

Спорт • 19 Қаңтар, 2023

Жеңіл атлетикаға тың серпін қажет

23 қаңтарда Астанадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан «Astana Meeting World indoor tour» деп аталатын халықаралық турнирдің шымылдығы түріледі. Әлемге әйгілі «Гауһар лигасының» баламасы бойынша өтетін жарыста жер-жаһанның әр қиырынан келген ең таңдаулы спортшылар бақ сынайды. Олардың қатарында Эфиопия, АҚШ, Марокко, Португалия, Бразилия, Куба және тағы басқа мемлекеттердің дүлдүлдері бар. Бәсекелер жеңіл атлетиканың тоғыз түрі бойынша өтеді. Оның әрқайсысының жүлде қоры 4 мың АҚШ долларын құрайды.

Спорт • 18 Қаңтар, 2023

Кавендиш «Астананың» жейдесін киді

Ұлыбританияның әйгілі велошабандозы, көптеген аса ірі халықаралық жарыстың жеңімпазы әрі жүл­дегері, әлемдегі ең үздік спринтер­лер­дің бірі әрі бірегейі Марк Кавен­диш «Астананың» жейдесін киді. Енді ол алдағы маусымда Қазақстанда ірге­тасы қаланған команданың намысын қор­ғайды.

Спорт • 16 Қаңтар, 2023

Болат Манкенов: Тұғырымыз биік болуға тиіс еді

Егде тартқан жанкүйерлер өткен ғасырдың 80-жылдары шаршы алаңды шайқаған ағайынды Манкеновтерді ұмыта қоймаған болар. Бұл отбасынан төрт бірдей мықты боксшы шықты. Солардың арасынан Болат пен Азаттың шоқтығы биік болды. Болат – КСРО кубогінің қола жүлдегері, бірқатар бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы. Азат – Қазақстанның бес дүркін чемпионы, жастар арасындағы КСРО біріншілігінің жүлдегері. Өмірбек пен Қайрат та қара жаяу емес еді. Білетіндердің айтуынша, олардың тұғыры бұдан да биік болуға тиіс еді. Бірақ сол кездегі содыр саясаттың салдарынан Манкеновтердің бағы байланды. Солақайымен шіреп тұрып ұрып, талай сақа спортшының сағын сындырған Болат пен болашақ әлем чемпионы Игорь Ружниковтің екі аяғын бір етікке тығатын Азаттың үлкен деңгейге жетуіне не кедергі болды? Бұл жайында бүгінгі таңда Қазақстанның кәсіпқой боксын қалай дамытсам деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Болат Тоқтарұлының өзі былай деп әңгімелейді:

Теннис • 13 Қаңтар, 2023

Үшінші кезеңге өтті

Қазақстанның танымал теннисшісі Юлия Путинцева Аустра­лияда өтіп жатқан WTA 250 Hobart International турнирінің үшінші кезеңіне шықты.

Футбол • 13 Қаңтар, 2023

Әлемнің шартты құрамасы

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің шартты құрамасын жариялады.

Спорт • 13 Қаңтар, 2023

Қарсыласы – Оңтүстік Корея

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында алауы тұтанған қысқы Дүние­жүзілік универсиадада Қазақстанның шайбалы хоккей­шілері төмендегідей құрамда өнер көрсетеді:

Теннис • 13 Қаңтар, 2023

Жұрт назары – Мельбурнде

16-29 қаңтар аралығында жасыл құрлықтағы ең әсем қа­лалардың бірі – Мель­бурнде «Үлкен ду­лыға» са­натына енген аса ірі төрт турнирдің бірі – Аус­тра­лияның ашық бірін­шілігі өтеді. Жүлде қоры 51,5 миллион АҚШ дол­ларын құ­рап отырған дүбір­лі дода­ға әлемнің ең үздік теннис­шілерінің дені қа­тыса­ды. Бүгінгі мақала­мыз­да аталған жарыс­тың тари­хына қысқаша шолу жасау­ды жөн көріп отырмыз.

Спорт • 12 Қаңтар, 2023

Қазақтар Тедди Ринерге шапан жапты

Дзюдо тарихында есімі алтын əріппен жазылған француз, Олимпиаданың 3 дүркін жеңімпазы, 11 дүркін әлем жəне 5 дүркін Еуропа чемпионы Тедди Ринер Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы спортшыларымен жаттығу жасады. Осылайша, Алматы қаласындағы дзюдо Академиясындағы оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңі мəресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.