Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Халықаралық таеквондо федерациясы (WTF) әлемдік рейтингті қайта жаңартты. 63 кг салмақта күш сынасып жүрген Самирхон Әбубәкіров бірінші орнын сақтап қалды. Еліміздің тағы үш даян шебері ТОП-10-дыққа еніп отыр. Олар – Бейбарыс Қаблан (+87 кг) – 7, Батырхан Төлеуғали (80 кг) 8, Нодира Ахмедова (49 кг) 10-орын.
Шахмат • 30 Қыркүйек, 2025
Перудің астанасы Лимада 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында рапид пен блицтен әлем чемпионаты аяқталды. Жарыста Ксения Балабаева алтыннан алқа тақты.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
«Алматы марафоны» мәреге жетті
Жексенбіде «Алматы марафоны» өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста әлемнің 60-тан астам мемлекетінен келген 16 мыңнан аса қатысушы бақ сынады.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Қытайдың астанасы Бейжіңде «China Smash 2025» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко да өнер көрсетті.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Әбиба – әлемдік рейтингте көш басында
IJF-тің жаңартылған рейтингінде еліміздің ең белді дзюдошыларының бірі Әбиба Әбужақынова 48 кг салмақ дәрежесінде жеке-дара көш бастады. Осыған дейін алдына жан салмай келген италиялық Ассунта Скутто үшінші сатыға сырғып түссе, ресейлік Сәбина Гилязова екінші орынға көтерілді.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
Бүгін Қытайдың астанасы Бейжіңде үстел теннисінен «China Smash 2025» халықаралық турнирі басталады. Жарысқа әлемдік рейтингте ТОП-10-ға енетін барлық ойыншылар қатысады. Бақ сынаушылар қатарында елімізден Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева бар. Олар іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Кирилл ирандық Амирреза Аббасимен, Зәуреш қытайлық Яо Жуйсюаньмен шеберлік байқасады.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге әйгілі сумошы Хакухо Сё келді. Оның азан шақырып қойған аты – Мұңхбатын Даваажаргал. Моңғолдың алыбы осы спорт түрі тарихындағы ең атақты балуан, 69-ёкодзуна. Спорттық мансабында Хакухо 45 чемпиондық тәжге ие болды. Осыдан төрт жыл бұрын, 36 жасында мансабын аяқтағаннан кейін Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» сумо мектебінің тізгінін ұстады. Астанада Хакухо Сё еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшыларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Бүгінде әлемде сумоның 85 ұлттық федерациясы жұмыс істейді.
Теннис • 25 Қыркүйек, 2025
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.
Жеңіл атлетика • 24 Қыркүйек, 2025
Жапония астанасы Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Осыдан алты жыл бұрын ХХХІІ жазғы Олимпия ойындары қарсаңында бой көтерген, 68 000 көрерменге есептелген Ұлттық стадионда ұйымдастырылған дүбірлі додада 198 мемлекеттің мықтылары өнер көрсетті.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2025
Грузияның Батуми қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» турнирі аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы 12 жүлдемен қорытындылады. Жекелеген сайыста Жәния Бекмұхамбетова пен Нұрдәулет Азаматұлы (13 жасқа дейін), жұптық жарыста Асылхан Мағзұмбеков пен Мария Лукьянова (15 жасқа дейін), аралас жұптар арасында Алан Құрманғалиев пен польшалық Каролина Хольда (19 жасқа дейін) теңдессіз деп танылса, Алексей Маркин (15 жасқа дейін) күміспен күптелді. Дарья Фу (17 жасқа дейін), Абдулла Мамай/Ноила Ханиязова (19 жасқа дейін), Мария Лукьянова, Асылбек Мағзұмбеков, Айназ Әділгереева (15 жасқа дейін), Назерке Болатбек (11 жасқа дейін), Алексей Маркин үндістандық Анколика Чакрабортимен (15 жасқа дейін) бірге қолаға қол жеткізді.