
Спорт • 17 Мамыр, 2022
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы аяқталды. Аталған жарыс белгілі қоғам қайраткері, қазақтың Атымтай жомарты Бекет Махмұтовты еске алуға арналды. Бесінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі додада Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның балуандары бақ сынады.
Спорт • 16 Мамыр, 2022
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Кеше бокстан Ыстанбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық сайыстары өтті. Жарыстың күндізгі бағдарламасында бес боксшымыз шаршы алаңға шығып, солардың төртеуі жартылай финалға жолдама алды. Олар – Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Валентина Хальзова. Ал кешкі бағдарламада сынға түскен Дина Жоламан да жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Спорт • 16 Мамыр, 2022
Бұл күндері Апеннин түбегінде «Джиро д’Италия» көпкүндігі өтіп жатқаны белгілі. Катания мен Мессина аралығын жалғаған бесінші кезең мәреге жеткен бетте «Астана» клубының сапында өнер көрсетіп жүрген Италияның әйгілі велошабандозы Винченцо Нибали биыл өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын көпшілік алдында жария етті.
Спорт • 16 Мамыр, 2022
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Сенбіде Иранның бас шаһары – Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты басталды. Бұл жарыс 12 мың көрерменге есептелген «Азади» спорт кешенінде өтуде. Сары құрлықтың ең үздік алты командасы бас қосқан бәсекеде Қазақстанның «Тараз» клубы да өнер көрсетуде.
Спорт • 16 Мамыр, 2022
Бокстан әйелдер арасындағы Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты нағыз қызған шағына жетті. Соңғы күндері тағы бірнеше боксшымыз шаршы алаңға көтерілді. Өкінішке қарай, жарыс бел ортаға жетпей жатып, біраз белді былғары қолғап шеберлеріміз жеңілістің кермек дәмін татты. Бұл жағдай қазақстандық жанкүйерлерді қатты қынжылтты.
Спорт • 13 Мамыр, 2022
Теннистен Италияда өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші кезеңі аяқталды. Қазақстанның ойыншылары арасынан алғашқы болып Елена Рыбакина кортқа шықты.
Спорт • 13 Мамыр, 2022
«Джиро д’Италия» көпкүндігінің бесінші кезеңі 30 жастағы Францияның велошабандозы Арно Демардың (Groupama-FDJ) жеңісімен аяқталды.
Спорт • 13 Мамыр, 2022
Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетуде. Бұл жолы қоржынымыз тағы төрт медальмен толықты.
Спорт • 13 Мамыр, 2022
Жеңісті дәстүрдің жұрнағы да қалмады
Таиландтың бас шаһары – Бангкокта көгалдағы хоккейден ерлер арасындағы ХІХ жазғы Азия ойындарының іріктеу турнирі аяқталды. Аталған жарыста тоғыз команда күш сынасты. Өкінішке қарай, жерлестеріміз Тай елінде тым сүреңсіз өнер көрсетіп, өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Алғашқы айналымдарда алаң иелері мен Оманға есе жіберген олар үшінші турда Өзбекстанмен тең ойнады. Одан кейін Гонконгтан ұтылды. Соңғы матчтағы сәтсіздік Қазақстан құрамасын Азиадада өнер көрсету мүмкіндігінен айырды.
Спорт • 13 Мамыр, 2022
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының бесінші күні төрт боксшымыз рингке көтерілді. Олар – Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Аида Әбікеева және Надежда Рябец. Сондай-ақ Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) туы астында Ангелина Лукас өнер көрсетті.