Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
330 материал табылды

Аймақтар • 11 Шілде, 2023

Құрылысы қарқынды қала

Шымкент қаласы республиканың үшінші мегаполисі атанғалы құрылысы қарқынды дамыды. Оған мемлекет қазынасынан бөлінген қомақты қаражат үлкен септігін тигізді. Соның нәтижесінде құрылыс саласы кәдімгідей жандана түсті. Қала маңындағы аумақтар игеріліп, зәулім тұрғын үйлер салына ­бастады. Бұған дейін жеке сектордағы жер үйлер көбірек салынып келсе, осы күнде көпқабатты үйлердің үлесі басымдыққа ие болды. Шаһар тарихында тұңғыш рет миллион шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді.

Аймақтар • 16 Маусым, 2023

Елдің жайын жолына қарап таны

«Мемлекеттің әл-ауқатын жолына қарап таны» деген тәмсіл бар. Жолы тақтайдай тегіс елдің экономикасы да мықты деген сөз. Ал бұл тұрғыдан Шымкенттен үлгі алатын тұсы жетерлік. Қала республиканың үшінші мегаполисі атанғалы ерекше қарқынмен дамыды. Игерілмей жатқан бос аумақтардың орнына көпқабатты үйлер салынып, жаңа шағын аудандар пайда болды. Бұл үрдіс әлі де жалғасып жатыр.

Аймақтар • 12 Маусым, 2023

Полиция мәртебесі министрдің мегаполис тұрғындарымен кездесуінде талқыланды

Шымкент қаласына іссапармен келген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Түркістан» сарайында тұрғындармен жүздесіп, мегаполистегі құқық қорғау саласында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады. Еліміздің бас полицейі сондай-ақ тұрғындардың шағымдарын тыңдап, жеке қабылдау өткізді.

Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2023

Тілсіз жаумен күрес толастамайды

Кейінгі күндері еліміздің оңтүстік өңірінде күн күрт ысып, халыққа жайсыздау тиіп тұр. Әсіресе Шымкентте термометр бағаны маусым айы басталғалы +30 градустан төмендеген жоқ.

Қоғам • 11 Маусым, 2023

6 жасар баланы құтқарып қалды

Шымкенттік оқушылар – Ердәулет пен Рамазан бір топ достарымен бірге Бадам өзеніне шомылуға келе жатып, кішкентай баланың өзенге батып бара жатқанын байқап қалады. Олар баланы құтқару үшін жалма-жан өзенге қарай ұмтылып, оны жағаға алып шығады. Су жұтқан балада ес жоқ. Көп су жұтып қойған оның іші ісіп, бет-жүзі көгере бас­тапты. Балалардың ішіндегі ересегі, 9-сыныпта оқитын Рамазан тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Бір сынып төмен оқитын досы Ердәулет те жәрдем береді. Жылдам әрекеттің нәтижесінде алты жасар бала есін жиып, дем ала бас­тайды.

Аймақтар • 06 Маусым, 2023

Көк тудың желбірегені...

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкентте мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Осынау айтулы күні қаланың Тәуелсіздік саябағында салтанатты жиын өтіп, оған шаһардың барша зиялы қауым өкілдері, әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, еңбек ардагерлері, жастар мен түрлі қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Аймақтар • 06 Маусым, 2023

Агроиндустрияда әлеуеті зор мегаполис

Елімізде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба қабылданған еді. Бүгінгі таңда осы құжат аясында ауыл шаруашылығы саласын өркендету бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылып келеді. Жалпы, аталған жобаның негізгі көздеген мақсаты – еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, АӨК өнімінің экспортын екі жарым есе ұлғайту және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру болып табылады.

Санкция • 01 Маусым, 2023

Геосаясат кедергі емес, алайда...

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың басталғанына жылдан асып ба­рады. Бұл жолы қозғайтын тақырыбымыз соғыстың ушығу се­беп­теріне қандай саяси жағдай түрткі болғаны тұрғысында емес, геосаяси ахуалдың жергілікті кәсіпорындарға тигізер әсері жа­йында болмақ.

Кітапхана • 31 Мамыр, 2023

Ой-өріс отауы

Қазір заман дамыған. Цифрландыру ғасыры. Сондықтан үлкеннің де, жастың да қолында телефон. Әлемнің кез келген түкпірінен лезде ақпаратты ала қояды. Білгісі келген, құмартқан тақырыбын ғаламтордан іздеп тауып, құмары қанғанша, рухани шөлі басылғанша оқып, білім көкжиегін кеңейте алады. Соған қарамастан кітап адамның нағыз рухани қазынасы болып қала береді.

Отбасы • 17 Мамыр, 2023

Отбасы құндылығы байқауы

Халықаралық отбасы кү­ніне орай Шымкент қаласындағы «Көрме» орта­лығында «Отбасым – Отаны­мның тірегі» атты форум өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов пен көп­балалы отбасы мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым, жастар қатысты. Солардың ішінде ережесіз жекпе-жек­тің жарқын өкілі Арман Оспан мен бокстан халық­аралық дәрежедегі жарыс­тар­дың жүлдегері, танымал спортшы Біржан Жақып отбасымен келді.