Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екенін, шағын әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын айтты.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019
Жамбылдықтардың тұрмыстық табысы жақсарады
Нұр-Сұлтан қаласында Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» мақұлданған болатын. Осы орайда Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің орынбасарлары Мұратхан Шүкеев пен Нұржан Календеровтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019
Қауіпсіздікке қатаң қадағалау қажет
Жазы жайлы делінетін Жамбыл өңірінде биыл өрт оқиғасы өршіп тұр деуге болады. Күннің қатты ысуы салдарынан немесе басқа да төтенше жағдайларға байланысты мұнда тілсіз жаудың қарқыны күшейді. Аптап ыстық әсіресе аудан, ауыл тұрғындарын әбігерге салды. Бұл ретте қауіпсіздікке қатаң қадағалаудың қажет екені айтпаса да түсінікті еді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019
Сібір жарасы сергелдеңге салуда
Қауіп қайдан келеді деуге болмайды. Ай мен күннің аманында көлденең кеселге ұшырап, әбігерге түсіп жатқан адам қаншама. Дәрігерлер адамдарға саламатты өмір салтын ұстанып, жеке бастың тазалығын әрдайым қадағалауды ескерткенімен, бірақ кейбір кеселдің нақты неден болатынын анықтау қиын.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2019
Жамбыл ескерткіші жерде қалмайды
Жыл өткен сайын Жамбыл өңірі жаңғырып, жасарып келеді. Облыс орталығы, екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары да түрлену үстінде. Бүгінгі таңда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен көне шаһарды көріктендіру, одан әрі абаттандыру бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нақты айтсақ, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы толықтай жаңғыртылып, «Ерлік» мемориалдық кешені бой көтерді. Саябақ ішінен «Мәңгілік алау», «Бауыржан Момышұлы», «Ауған соғысының жауынгерлері» сынды ескерткіштер ашылып, Тараз тұрғындарының көзайымына айналды. Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жүз мыңнан астам ардагердің есімдері мәрмәр тасқа жазылды. Бүгінгі бір ғана «Жеңіс» саябағының өзі жас ұрпақтың ата-баба ерлігіне тағзым етіп, еске алатын киелі орынға айналды.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2019
«Елдік елге байланысты»: Жамбыл облысында бірлік пен ынтымаққа арналған форум өтті
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы елімізге қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік орнаған, татулық пен ынтымақ ту тіккен аймақ ретінде белгілі. Сонымен қатар, Әулиеата өңірінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында да көптеген игі шаралар ұйымдастырылып келеді.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Атаулы көмек алғандар арасында кәсіпкерлер де бар
Бүгінгі таңда аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп келеді. Табысы жоқ, не болмаса табысы төмен отбасыларға ай сайын атаулы әлеуметтік көмек берілуде.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019
Дүниеде ананың арманынан асқан биіктік жоқ. Өзінің өзегін жарып шыққан перзентімен қоса ана бүкіл дүниедегі балалар атаулының да қамқоры, жанашыры. Баланың денсаулығына алаңдайтын да ана.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019
Жамбыл облысында бір күнде бес фронт-кеңсе ашылды
Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мақсаттарды іске асыру аясында Жамбыл облысында бірден бес фронт-кеңсе ашылды. Кеңселердің ашылу салтанатына әкімдік өкілдері, полиция басшылығы мен қызметкерлері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019
Таразда жедел байланыс орталығы ашылды
Тараз қаласында «JÁRDEM-109» бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Аталған орталықта халықтың сұранасына орай 1000-нан астам қызмет түрлері біріктірілген. Ендігі жерде Тараз тұрғындары барлық мәселенің шешімін осы жерден таба алатын болады. Бұл орын қаладағы тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз орталық. Тараз қалалық әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың өтінімдері барлық байланыс арналары арқылы қабылданып, әрі қарай тиісті мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық мекемелерге жіберіледі.