Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Көне Тараз күмбірі» атты І Республикалық этнофольклорлық ансамбльдер байқауы өтті.
Руханият • 09 Шілде, 2019
Қарт Қаратаудың теріскейінде, Шабақты өзенінің оң жағалауында тамырына талай тарихи сыр жасырған Саудакент қалашығы жатыр. Ғалымдардың зерттеуінше, көне қалашық Қаратаудың теріскейі арқылы Тараз шаһарына қатынайтын үлкен керуен жолдың бойындағы ірі сауда орталығы болған деседі. Бұл қалажұрт бүгінде Сарысу ауданының Байқадам ауылдық округінің аумағына қарайды. Кезінде әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның өзі Саудакент қалашығын зерттеп, сүбелі еңбек жазып қалдырғаны белгілі. Сонымен қатар Рубрук, Колосовский, Бернштам сияқты ғалымдардың жазбаларынан да көне қалажұрт туралы деректерді кездестіруге болады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2019
Осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы ортағасырлық «Төрткүл» керуен сарай кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» атты этножобасы қолға алынған болатын. Аталған бастама көне шаһарда Елорда күніне орай ары қарай жалғасын тауып, тараздық тұрғындарды «Төрткүл» кешеніне тағы да шақырды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленген болатын. Осыған орай, Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Көне Тараз күмбірі» атты І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары түркі мәдениетінің ордасы болып саналады. Бұл ретте талайғы Таразға қызығушылар қатары да аз емес. Түрлі тарихи орындар, ежелгі ескерткіштер, тастағы таңбалардың бәрі де ұлт тарихының ұстыны бола алатын құндылықтар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз төрінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І халық шығармашылығы фестивалі өтті. Аталған фестивальға Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан суретшілер келді.
Аймақтар • 10 Маусым, 2019
Көне Тараз шаһарында заманауи өнер туындыларын жұртшылыққа насихаттау мақсатында тұңғыш рет «Ұлы дала хикаялары» атты сурет көрмесі ашылды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, ұлттық құндылықтар мен рухани байлық ұлт бірегейлігінің негізіне айналуы тиіс. Көне Тараз шаһарында заманауи өнер туындыларын жұртшылыққа насихаттау мақсатында тұңғыш рет «Ұлы дала хикаялары» атты сурет көрмесі ашылды.
Президент • 03 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Әуелі Мемлекет басшысы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» зауытына атбасын бұрып, аталған кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.
Тарих • 30 Мамыр, 2019
Тараз тарихын танытудың тың жолы
Көне Тараз қаласы туралы византиялық елші Земарх, Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан, араб географы Әл-Мақдиси сияқты саяхатшылар кезінде құнды деректер жазып қалдырған. Одан бергі кезеңде де тарихи Тараз топырағы туралы талай туындылар туған.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
Тараз қаласында миллионер оқушы тұрады
Осыдан бес ай бұрын Тараз қалалық «Jambyl-Taraz» газеті өңірдегі мектеп оқушыларының арасында «Кітап оқып, миллионер бол!» атты байқау жариялаған болатын.