Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1128 материал табылды

Аймақтар • 16 Мамыр, 2022

Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу вокзалы – еліміздегі темір жол са­ла­­сындағы маңызды нысанның бірі. Елі­міздің төрт құбыласын бір-бірімен жалғап тұрған, тіпті көптеген жолаушыға бірқатар шет мемлекетке де жол ашып отырған мекен. Кезінде Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев сияқты ұлт қайраткерлерінің маңдай тері мен табан ізі қалған жер. Кейіннен Шу қаласы салынып, оған өз алдына облыстық дең­гей­де­гі қала мәртебесі берілгенде бұл жер көп­тің көкейінде «Шу вокзалы» болып берік орнады.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2022

Шикізатқа зәрулік басым

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңге­рімсіз­діктерді азайту мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетіл­діру мәселелері бойынша Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Тарих • 11 Мамыр, 2022

Әулиеата һәм ән періштесі

Жамбыл жері талай жақсы мен жайсаңның табан ізі мен асқақ рухы қалған мекен. Тағдырдың жазуымен келіп, өмір сүріп, мәңгілік сағынышқа айналып кете барған тұлғалар аз емес. Тәтті мұң, қимас сезім сияқты құндылықтарды тереңіне жасырған естеліктер шаһары өткен күндерден сыр шертеді. Түрлі тағдырлар тоғысқан көне мекеннің тарихында ұмытуға болмайтын сәттер өте көп. Әлемдік ән өнеріндегі айрықша құбылыс болған Анна Герман сияқты біртуар таланттың да бір кезде Әулиеата топырағында өмір сүргенін бүгінде біреу білсе, біреу білмес.

Тарих • 08 Мамыр, 2022

Сұрмерген

Қан майданда жаумен арпалысып, ерлік көрсеткен жауынгердің бірі – Ыбырайым Сүлейменов. Ол 1941 жылы 31 жасында Жамбыл қаласынан әскерге аттанған. Калинин майданының сапындағы алғашқы шайқастардың өзінде ол сексенге жуық жауды жер жастандырады. Великие Луки қаласы үшін болған ұрыста да 60 жаудың көзін жояды.

Тарих • 06 Мамыр, 2022

Аңыз тұлғаның ашылмаған аралдары

Біртуар Бауыржан Момышұлы туралы осы уақытқа дейін көп айтылып, көп жазылды. Аты аңызға айналған абыз тұлға туралы ақиқат әлі де талай айтыла бермек. Жалпы, даңқты батырдың «Ұшқан ұя» кітабы Бауыржан тұлғасын танудағы басты құндылық. Мұнда тұлғаның өзі туралы өмірлік деректер молынан кездеседі. Сондай-ақ атақты Момышұлының күрделі әлемін ашуда, бірегей болмысын тану мақсатында жазылған көптеген еңбек бар. Әрине, мұның бәрі де тұлғатану жолындағы жылдардың жемісі.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2022

Инвестиция игілігін көру үшін тиімді жобалар керек

Қарапайым халықтың жағдайын көтеріп, табысын арттыру бүгіннің талабы. Осы орайда, мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар да көрсетілуде. Ал оны тиімді пайдалану көпшілікке де көп көмек болатыны сөзсіз. Бүгінде Жамбыл облысында тұрғындардың табысын арттыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылуда. Халықтың табысын арттыру үшін ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен қатар, инвестиция тартудың да маңызы зор болып тұр.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2022

Тұлға тойы Тараздан бастау алды

Биыл атақты актер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 85 жасқа толады. Қазақ театры мен киносына ерекше еңбек сіңірген өнер корифейінің елдік тойы туған жерінен бастау алды. Абыз Асанәлі көне Тараз шаһарына келіп, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында көпшілікпен кездесті.

Қоғам • 20 Сәуір, 2022

Кәріз жүйелері тозып тұр

Талай жылдан бері көпшілік үшін көкейкесті мәселеге айналған өңірдегі шайынды сулардың жағдайы әлі реттелмей келеді. Тараз қаласынан шыққан қалдық сулар облыс орталығымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының аумағына жайылуда. Оның қолқаны қапқан күлімсі исінен бұл күнде жергілікті жұртшылық та зәрезап болған.

Қоғам • 20 Сәуір, 2022

Басшылардың басым бөлігі бұқараның мәселесін білмейді

Қазіргі кезде Тараз қаласын одан әрі дамыту мақсатында өңірде кешенді жоспар құрылып, жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Аймақта қолға алынған «Асарлатып үй салу», «Жомарт жүрек», «Таразға тарту» сияқты жобалар да өз жемісін беруде.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Жол азабын жүрген біледі

Қазіргі кезде Тараз қаласындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерге айтылатын сын көп. Жыл сайын ел игілігі үшін жүздеген пәтер пайдалануға беріледі. Бірақ көптеген үйдің сапасы сын көтермейтіні талай рет сөз болған. Енді біраз уақыттан бері көптің сынына ұшырап келе жатқан жаңа 15-шағын аудандағы жол мәселесі де бұл күнде тұрғындар үшін түйткілді мәселеге айналған. Шын мәнінде аталған шағын аудан бой көтере бастағанда көптің қуанышында шек болған жоқ. Баспаналы болудан үміті бар талай отбасы аз уақыттың ішінде қоныстойын тойлады. Мемлекет берген жеңілдікті пайдаланып баспаналы болды. Бірақ талай жыл табанақы, маңдай терімен тапқан-таянғанын банкке құйып, әупірімдеп жүріп үй алған әлеуметтің де базынасы орынды. Олардың әлі де төлейтін қарызы көп. Ал көпшілік мұндай көкейкесті мәселені талай мәрте көтергенімен, әлі де оңды нәтиже болмай тұр.