Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1128 материал табылды

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына ауызсу тартылды

Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылында талай жылдан бері көпшіліктің көкейкесті мәселесі шешіліп, су жүйесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 18 Қаңтар, 2021

Шарын балуан

Елдің еңсесі әрдайым ерімен биік, абыройы тұлғасымен асқақ. Қазақтың қай қиырында да ел үшін туған ерен тұлғалар болған. Халықтың рухын білімнің шырағымен де, білектің күшімен де қорғаған тұғырлы тұлғаларының есімі ұлт үшін әрдайым қастерлі. Еліміз егемендік алған кезеңнен бері елдік мүдде жолында жан аямаған жайсаңдардың жақсы аты ұрпақ санасында қайта жаңғырды.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Жамбыл облысында оқушылардың 49 пайызы қашықтықтан оқуда

Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, облыста оқу жылының үшінші тоқсанында 222 мектеп оқушыларды қашықтықтан оқытуда екенін, қазір мектептердегі оқу үрдісі 3 түрлі форматта жүретінін жеткізді. Сондай-ақ, өңірдің бас педагогы мектеп бітіруші 9 және 11  сыныптардың барлық оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастағанын, оларда оқу пәндерінің 70 пайызы дәстүрлі түрде, ал қалған 30 пайызы қашықтықтан оқытылатынын айтты. Кезекші сыныптардағы оқушылардың саны 15 адамнан аспауы қажет екен. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды және үзіліске 5 минут берілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 13 Қаңтар, 2021

Ауылдарға ауыз су құбыры тартылды

Осы уақытқа дейін Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарында ауыз су мәселесі туындап келген болатын. Таза ауыз су көптеген ауылдық тың көкейкесті мәселесіне айналды. Бұл жыл өңір тұрғындары үшін жағымды жаңалықпен басталып отыр.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Алты мыңнан астам байқаушы бақылады

Еліміздің Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға Жамбыл облысының тұрғындары да белсенді түрде қатысты. Облыс бойынша дауыс беруге арналған барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған. Олар қажетті ұйымдастыру техникаларымен жабдықталып, телефон байланысы мен интернетке қосылған.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Сайлауға байланысты Таразда қоғамдық көліктер тегін жүргізілуде

Бүгін, яғни 10 қаңтар Парламент Мәжілісінің және түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау күні. Еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасауға құқылы. Бұл ретте сайлаушылар үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, Тараз қаласы бойынша жалпы саны 125 сайлау учаскесі белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Жамбылдықтар сайлауға белсенді қатысуда

Бүгін еліміз бойынша сайлау өтуде. Сайлауға Жамбыл облысының тұрғындары да белсенді түрде қатысуда. Облыс бойынша дауыс беруге арналған барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған. Олар қажетті ұйымдастыру техникаларымен жабдықталып, телефон байланысы мен интернетке қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

Жамбыл облысында 500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Жамбыл облысында Жаңа жылдық мереке күндері жамбылдық полицейлер 500-ге жуық құқықбұзушылық дерегін анықтаған. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастарға байланысты 9 құқықбұзушылық, 40 ұсақ бұзақылық және қоғамдық пайдалану орындарын ластау деректері тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Өнер • 06 Қаңтар, 2021

Қабілеті ерек қайсар қыз

Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғыны Аяжан Жуатай өзінің бар мүмкіндігін өнерге арнап келе жатыр. Ерекше жаратылған қаршадай қыз қаламды тістеп отырып, алуан түрлі сурет салады.

Аймақтар • 01 Қаңтар, 2021

Көңіл көншітпейтін ескерткіштер

Мемлекет тарапынан барлық өңірді дамыту мақсатында жыл сайын миллиондаған қаражат бөлінеді. Ал оның игеріліп, игілікке жарауы жергілікті басшыларға тікелей байланысты. Түрлі деңгейдегі әкімдер жыл соңында есеп бергенде де бөлінген қаржының толықтай игерілгенін, оның ел игілігі үшін жұмсалғанын айтып бағады. Шындығында солай ма? Бұл тұрғыда әулиеаталық әкімдердің, жалпы түрлі салаға жауапты басшылардың қаржылық сауаттылығы қандай деген сауал туындайды. Әйтеуір, жыл сайын қағаз жүзінде бәрі жақсы болады да, нақты есеп беру кезінде көптеген көрсеткіштің көңіл көншітпейтіні байқалып қалады.